Қызылорда бөлімшесінде жұмысшыларды сақтандыруға арнайы қаржы қарастырылған

Аймақтар
29.04.2022, 10:50
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда бөлімшесінде еңбек қорғаудың жүйесі қалыптасқан. Теміржолшыларды өндірістік жұмыс барысында жазатайым жарақат алудан сақтандыруға арнайы қаражат бөлініп, ол мақсатты түрде игеріліп келеді. 

Бөлімше бойынша еңбек қорғау және экология бөлімі мамандарының тарапынан жұмыс орындары алдын ала тексеріліп, бақылаудан өткізіледі. Және жұмыс орнының жұмыс істеуге қолайлылығы, талапқа сай келетін- келмейтіні арнайы мамандар тарапынан бекітілген жоспар негізінде аттестациядан өткізіліп, барлық стандартқа сай келетін орында ғана теміржолшының жұмыс жасауына рұқсат беріледі. Биыл бөлімше бойынша еңбек қауіпсіздігі шарттарын жетілдіру мақсатына 10 кешенді шара жоспарланып, оған 70 760,765 мың теңге қаржы бекітілген. Жыл басынан бері екі шара өткізіліп, оған бөлінген 1162,65 мың теңге мақсатты жұмсалды.

-Біздің бөлімше бойынша өндірістік жарақат алу жағдайы биылғы жылдың үш ай жиырма күнінде, яғни бүгінгі күнге дейін тіркелген емес. Келеңсіз жағдайдың алдын алу үшін бекітілген жоспар бойынша кунделікті  жұмыс жүргізіп, осылай әр күнді есепке алып отырамыз.  Өткен жылы теміржолшылардың қауіпсіздігін арттыруға арналған  семинар тренингтер өткізіп, біліктілік сауатын көтеруге жұмыс жасадық. Өндірістік жарақат алған  әріптестерімізге тиісті төлемдер дер кезінде аударылып отыр ма, басқа да көмектерді алып отыр ма, бәрін қадағалап отырамыз,-деді еңбек қорғау және экологиялық қауіпсіздік бөлімінің бастығы Ғалия Қөпжасарова.

Өндірістік жұмыс барысында 1981 жылы келеңсіз жағдайға ұшырап есепке алынған локомотив бригадалары резервінің басшысы Болат Қалмахановқа биылғы үш айда алты жүз мыңнан астам қаражат төленген.  Мұнан бөлек бөлімше есебінде тіркелген өзге де регрессивтерге төлемдер уақытылы төленіп, қауіпсіздік пен қорғау шаралары тұрақты жүргізілуде.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті