Атыраудағы темір жол басшылары тыл ардагерін құттықтады

Аймақтар
06.05.2022, 14:45
Оқуға 2 мин
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Ұлы Отан соғыс кезінде тылдағы халық соғыстың алғашқы күнінен бастап “Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін!” деген ұранмен еңбек етті. Қан майданға аттанған ерлердің орнын әйелдер, қариялар мен балалар алмастырды.

Атыраулық тыл еңбеккері Мұхтаров Мақсот алты жасынан бастап еңбекке араласыпты. Бүгінде 86 жасқа келген ардагер баянсыз балалық шағын көзіне жас алмай еске ала алмайды. Кеше тыл ардагерін Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің басшысы Аслан Базарғалиев пен кәсіподақ ұйымының төрағасы Нұрбол Нұрышев Жеңістің 77 жылдығымен арнайы құттықтады. 

6 мамыр Мақсот ағаның туған күні екен әрі Жеңістің 77 жылдығына орай әріптес інілерінің арнайы құттықтап келгеніне қария балаша қуанып қарсы алды. Бөлімше бастығы «ҚТЖ-Жүк тасыма лы» ЖШС Бас директорының Алғыс хаты, сондай-ақ өз аттарынан дайындаған сый-сияпаттары мен ақшалай көмек және әлеуметтік қоржын табыс етті. Ал, қазақы дәстүрмен жайылған кең дастархан басында темір жолдың өткені мен бүгіні туралы келелі әңгіме қозғалып, болашақтағы әлеуеті туралы пікірлер айтылды. 

– Өркендерің өссін, көптен көп рахмет айтамын. Сіздер келеді деп естігеннен бері көңілім алып-ұшып, көңілденіп асыға күттім. Қазір тіптен қуанып отырмын. Аман жүріңдер, жұмыстарың жемісті болсын, біз тек тілектеспіз, – деп қарт теміржолшы батасын берді. 

Мұхтар аға алты жасынан еңбекке қалай араласты десек, анасына көмектесіп колхозда қозы бағыпты. «Е, қарақтарым, ол кезде сен алтыдасын ба, жоқ алпыстасың ба, айырмашылық жоқ, еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін жауды жеңсек деген тілекпен жанталастық емес пе...» деп ауыр күрсінді біздің таңданысымызды түсініп. Ер жете келе Атырау станциясына келіп пойыз құрастырушы, башмақшы болып жұмыс істеп, зейнеткерлікке шыққан. Бүгінде ұрпақ қызығына кенеліп, Ұлы Жеңістің 77 жылдығын көріп отырған бақытты ата.

Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты