Теміржолшының бір күні: тілшіміз машинист мамандығының қыр-сырына қанықты

Аймақтар
17.05.2022, 09:19
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Бір қарағанда машинистің жұмысы оңай көрінеді. Қос рельстің бойымен жылжыған алып машинаны басқарып отырғанның несі қиын деп ойлайтындар жоқ емес. Редакция тапсырмасымен машинистер бригадасы құрамында Қызылордадан Шиеліге дейін сапар шеккен едік...

  Тепловоз кабинасына бөтен адамды жолатпайтын қатал машинистер бригадасы бүгін басшылықтың рұқсаты әрі тапсырмамен жүргенімізді ескеріп біршама жұмсарды, жұмыс орындарын «көзбен көріп, қолмен ұстауға» рұқсат берді. 

Ара-тұра «...пойыз басып кетіпті», «малды паршалап өтіпті», «машинист тежегішті басқанмен пойыз тоқтамапты...» деген қорқынышты ақпараттарды естіп, осы бір алып машинадан алыстау жүргенді ұнататындар қатарынанбыз. Бұл жолы да қорқынышты дүлейдің каби- насына сескеніңкіреп мініп, жан-жағымызға зер сала қарадық. 

Жалпы, басынан бастасақ, деподағы локомотив жасақшы- сының «Машинист Әлібек Сейткамалов көмекшіңізбен бірге депоға келіп, «Ақтөбе-Алматы» бағытындағы №34 жолаушылар пойызын Шиелі станциясына дейін жеткізесіз» деген бұйрығын алған бригада депода дәрігерлік тексеруден өткеннен жандарынан бір елі ажырамадым. Қан қысымы, жүрек қағысы, т.т. толып жатқан өлшемдер қалыпты жағдайда екен, демек бүгінгі рейске дәрігер рұқсаты дайын. Енді машинист-нұсқаушы Дастан Сарабековтің рейс алды пысықтау инструктажынан өтудеміз. Бүгінгі рейстің ерекшелігін, ауа-райының температурасын, секундына 15-20 метрге дейін желдің ұйытқу қатері бар екенін, оның бағытын және өзге де жағдайларды ескертіп өтіп, ең бастысы сапар барысында адам өмірі мен пойыздардың қауіпсіз қозғалысын қатаң сақтауды тапсырған нұсқаушы тепловозды қабылдауға рұқсат берді. 

Тепловозға келіп ТУ-152 борт жорналындағы техникалық жағдайымен, оның ішінде жүріс бөлігін жеке тексеруден өткізіп, көмекшісі Азамат Қазақбаев- тың тепловоз дизелінің барлық тетігін мұқият қарап шығуын қадағалаған машинистің өзі қосымша жарық көздері, жанармай бактерінің беріктігі секілді өзге де тетіктерді тексеріп, көліктің техникалық жағдайы талапқа сай екеніне көз жеткізген соң вагондар құрамына тіркеуге беттеді. Бақылау постына келіп, рация арқылы станция кезекшісімен байланысқа шығып: 

«Машинист Әлібек Сейткамалов 16 сағат 45 минут №019609 тепловозымен М35 сигналында тұрмын, нұсқау күтемін» деп баяндады. 

«Қабылданды, машинист Сейткамалов!» деген станция кезекшісі М35 сигналын ашып, екінші жолда тұрған вагондар құрамына тіркелуге рұқсат берді. Осыған дейін де сөйлесу регламентін сақтаған машинистер бригадасы станция кезекшісімен арадағы диалогтарды талапқа сай орындап, қайталап отыруы қажет екенін ұқтым. Құрамаға тіркелгеннен кейін көмекшіге тежегіш жалғағышта- рын жалғап, вагон құрамының ауамен толық қамтылғанына көз жеткізуге бұйрық берген машинист бағдаршамның жасыл түске ауысуын күтіп, кесте бойынша станциядан жүріп кетуге дайындала бастады. Ескере кететін жайт, 748-ші бұйрық бойынша 1 минуттық дайындық жасалу міндетті, мұнда машинист жо- лаушылардың мінген жағынан   қарап, вагонға жабысқан, міне алмаған, вагонға ентелеп жүгіріп келе жатқан жолаушының бар- жоғын байқап, ешқандай кедергі жоқ екеніне көз жеткізіп барып бекеттен аттану үшін берілетін бір ұзын сигналдан соң станция кезекшісінің рұқсатымен жолға шығады. 

...Сонымен жолдамыз, Қызылорда артта қалды. Станциялық жолдан шыққан бойы, сағатына 25 шақырымға дейінгі жылдамдықтан 50-60 шқ/сағатқа көшірілген құрам перегонға шыққан соң жүрісін одан әрі үдете түсіп, пневматикалық тежегіш тексерілді. Тежегіш толық жұмыс жасап тұр. Бұдан кейін электропневматикалық тежегіш тексерілді. Әр бекетке жақындағанда станция кезекшілерімен кіріс бағдаршамының сары түсті, шығыс бағдаршамның жабық екені баяндалып, айтылған бұйрық, пәрмендер қайталанып отырды, әр перегонда бекітілген жылдамдық қатаң ұсталып, кіріс бағдаршамының жасыл түсін белгіленген жылдамдықпен кесіп өтудің маңызды екеніне көз жеткіздім. 

Шиелі станциясына жеткен- ше сапарымыз бірқалыпты өтті, ешқандай тосын жағдай болған жоқ. Сырт көзге өңки- ген қорқынышты дүлей көрінетін алып тепловоз станция кезекшісі мен диспетчердің, машинист-нұсқаушының айтқанын бұлжытпай орындап, телім бойындағы ескерту белгілері мен бағдаршамды назарда ұстап, учаскелік жылдамдықты сақтай отырса, айтқанға көніп, айдауға жүретін «тіл алғышқа» айналады екен. Демек, оны қорқынышты дүлей жасайтын да, момақан «тіл алғыш» ететін де өзіміз – адамдар екенбіз. Асығыс, жолды кез келген жерден кесіп өткіміз келіп жанталасамыз. Ал, адам басып кеткен машинистің ауыр психологиялық жағдайға душар болатынын ойлаған кім бар?

Жаңалықтар
27.07.2026
ҚТЖ төтенше жағдайларға дайындықты және өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтті
Аймақтар
27.07.2026
Табиғат аясындағы семинар-тренинг
Аймақтар
27.07.2026
Сарыбел вокзалы жаңартудан кейін қайта ашылды
Әлемде
27.07.2026
Alstom компаниясы Франциядағы IPCEI сутегі жобаларын тоқтататынын хабарлады
Аймақтар
27.07.2026
Құрғақ порт пен логистикалық парк құрылысы басталды
Жаңалықтар
27.07.2026
Миллионыншы контейнер Ресей – Қазақстан – Қытай бағдары бойынша жөнелтілді
Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті
Жолаушылар тасымалы
24.07.2026
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
Инфрақұрылым
24.07.2026
Шетпенің жаңа келбеті
Аймақтар
24.07.2026
Таразда теміржолдағы қауіпсіздік бойынша рейд өтті
Қауіпсіздік
24.07.2026
Техникалық тексеріс жалғасуда
Аймақтар
24.07.2026
Қаперде ұстайтын қағида
Қауіпсіздік
24.07.2026
Сайөтес станциясында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Аймақтар
24.07.2026
Атырауда жарты жылда 29,7 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
24.07.2026
Теміржол тарланына тағзым
Спорт
24.07.2026
Ақмолада теміржолшы ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
24.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №56 24 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
23.07.2026
Орта дәліздің жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік серіктестікті күшейтіп жатыр
Аймақтар
23.07.2026
Алматы облысында Жетісу теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды