Референдум мәселесі Сыр теміржолшылары арасында да талқыланды

Аймақтар
20.05.2022, 10:34
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Бүгінде қоғамдағы басты әңгіме – 5 маусымда өтетін жалпыхалықтық референдум. Соған орай республикалық штаб өкілдерінен жасақталған арнайы топ Қызылорда теміржолшыларымен кездесіп, ел тарихындағы айтулы оқиғаға қатысты түсінік берді.

Олар алдағы референдумның маңыздылығы, Ата Заңға енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер, жаңадан енгізілген баптарға жеке-жеке тоқталып, түсініктеме беріп, көпшіліктің сауалдарына да жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.  

– Ата Заңға өзгерту енгізу – қазіргі уақыт талабы. Қоғамда оның не қажеті бар деген де сөздер айтылып жатыр. Өзгеріс енгізу арқылы ғана біз жаңа қоғам қалыптастырамыз. Тек қана мемлекет шешеді, тек қана мемлекет біледі деген түсінікті жою керек . Бұл референдум әр азаматтың елі үшін маңызды тарихи оқиғаға атсалысуына мүмкіндік береді. Қазақстанның әрбір азаматы өзін сол елдің құрушысы, негізін белгілеуші ретінде сезінгенде ғана мемлекетті басқарудың жаңа үлгісі пайда болады, – деді «Аманат» партиясы «Теміржол» филиалының атқарушы хатшысы, республикалық штаб мүшесі Базара Танбаева. 

Теміржолшылардың көпшілігі, әрине, халық көптен күткен өзгерістердің бастамасы болатын референдумның өткізілуін қолдайтындарын білдірді. Елімізде өндіріс орындары көптеп ашылып, жұмыссыздық жойылып, халықтың әлеуметтік, экономикалық әлеуетінің жақ- сарғанын қалайды. 

– Теміржолшылар – көзі ашық, сауатты халық. Алдағы уақытта бұған дейін сайланбалы басқару жүйесі, ендігі жерде халық таңдаған басқару жүйесіне ауысады деп үміт күтеді және ертеңгі күнге деген сеніммен референдум өткізу шарттарына келіседі және бір кісідей қатысады. Ең маңыздысы ендігі жерде халықтың өзі таңдаған басқару жүйесінің тиімді әсері сезілетін болады, – дейді «Қазкөліккәсіп» ҚБ филиалының төрағасы Бауыржан Ахметов.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті