Қызылордада пойыз жолына бөгет болу мәселесі өзекті

Аймақтар
20.05.2022, 10:43
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Қызылорда жол дистанциясында «Жолға бөгде зат қою – қылмыс» атты айлық өтті. Жосалы мен Түркістан станциясы аралығындағы 400 шақырымға жуық темір жолдың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған дистанция жолшылары қозғалысқа кедергі келтіретін кез келген келеңсіз жайтпен күресіп келеді.

Жол дистанциясының техникалық бөлім басшысы Кенже Қойшыбаева айлық кезіндегі атқарылған шаралар жайлы әңгімелеп берді. Маманның мәліметіне сүйенсек, жолшылар қауымын алаңдататын нәрсе жоқ емес.  

– Жыл басынан бергі 3 ай 20 күн ішінде қаскүнемдер 2 рет жолға бөгде зат қойып кетіп, пойыздар жүрісіне үлкен қауіп төндірді. Жолшылардың дер кезінде байқап, тепловоз машинистерінің жедел тежегіш қолдануының арқасында келеңсіз жағдайға жол берілмеді. Жалпы қозғалысқа кедергі келтіретіндер аз емес, осы аралықта машинистердің жедел тежегіш қолдану фактілері 22 рет тіркелді. Рельс үстіне бөгде зат қойып, пойыз қалай өтер екен, құлай ма, тоқтай ма деп еріккеннің ермегін істейтін санасыздардан бөлек, жер құрып қалғандай, рельс үстімен жүріп келе жатып арттан келіп қалған пойызды байқамай өз өмірін өзі қатерге тігіп ажал құшатындар, иесіз жайылған төрт түліктің кесірі. Одан қала берді, егістіктегі қураған шөпті өртейтін шаруалар салғырттығы нәтижесінде оттың теміржолды зақымдауы, теміржолдың бөлшектерін ұрлап, қолды қылатындар әрекеті бар, қысқасы, қайсысы болса да қауіпсіздікке жасалған қиянат болғандықтан үлкен-кішісі жоқ, бәрі де қылмыс. Осындай келеңсіз жайттардың алдын алу үшін жергілікті атқарушы билік органдарына қанша қатынас хат жазылды. Орган өкілдерімен бірге тұрғындармен сан мәрте кездесу өткізіліп, теміржол бойында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау ереже- лері талай ескертіліп, түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Алайда, оның нәтижесі мардымсыз болып тұр, – дейді Кенже Әмірбекқызы.

Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда