Сексеуілдіктер жүк тасымалы бойынша алдыңғы қатарда

Аймақтар
08.06.2022, 10:03
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Сексеуіл станциясында бес айдың жұмысын қорытындылаған тораптық жиын өтті. Онда пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне қатысты жұмыстар ширатылды. Сондай-ақ бұған дейін жіберілген кемшіліктердің қайталанбауы үшін іс-шараларды күшейту жайы сөз болды.

– Биылғы қозғалыс қауіпсіздігіне байланысты аймақтағы ахуал өткен жылмен салыстырғанда төмен, кемшіліктер жоқ емес. Дегенмен жүк тасымалдау қорытындысы бойынша 14 бөлімше ішінде алғашқы үштік қатарындамыз. Әрине, бұл – ұйымшылдық танытқан ұжымның ортақ еңбегінің жемісі. Қазір бізді алаңдатып отырған негізгі мәселе – қозғалыс қауіпсіздігін сақтау. Осы бағытта жұмыстануымыз керек. Бүгінгі жиынға осы мәселеге жауапты теміржол саласының мамандарымен қатар көлік прокуратурасының өкілдері де қатысып отыр. Мақсат біреу, ол – қауіпсіздікті сақтауда туындап отырған қиыншылықтар мен кедергілерді бірлесіп шешу, оңтайлы жолын қарастыру, – деді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Батыс» филиалы Қызылорда қосалқы бөлімінің бастығы Батырхан Базарбаев. 

Бұдан кейін сөз алған көлік прокуроры Еркебұлан Лесбеков, «Қазкөліккәсіп» филиалының төрағасы Бауыржан Ахметов, қауіпсіздік бөлімінің басшысы Бекжан Өтеулиев, Сексеуіл станциясының бастығы Сапарғали Салмаев, Сексеуіл локомотив пайдалану депосы бастығының орынбасары Еркебұлан Аяғанов өз салалары бойынша кемшіліктердің қайталанбауы үшін атқарылып жатқан жұмыс барысымен бөлісті. Өз кезегінде, көлік прокуроры жаңа телім бойындағы 9 станцияның маусым айынан бастап біріктірілген жүйемен жұмыс жасауға ауыстырылуына байланысты 20 шақты теміржолшының жұмыссыз қалуы және осы мәселенің оң шешілуін назарға алу керектігін өңір басшылығына ескертті. Ал ұжымдық шартқа қатысты түсініктеме берген «Қазкөліккәсіп» ҚБ Қызылорда филиалының төрағасы Бауыржан Ахметов, жаз маусымында теміржолшылар шипажайларға барып денсаулығын сауықтырып жүргенін, ал денсаулығына байланысты ем алуға ақшалай көмек айлық табысы 150 АЕК-тен аспайтын жұмысшыларға берілетінін және бұл жеңілдікке ие болғандар ақшалай жәрдемақыны қалаған шипажайда денсаулығын сауықтыруға жұмсай алатынын жеткізді.

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды