Қызылордалықтар жыл басынан қауіпсіздіктің бұзылуына жол бермеді

Аймақтар
10.06.2022, 10:15
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда станциясының теміржолшылары жыл басынан бері маневрлік және пойыздық жұмыстар барысында қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына жол бермеді.

Айталық, 884 вагонға жүк тиеу жоспарын 1012 вагонды жүкпен толтырып, межені 114,47 пайызға асыра орындады. Ал тонналық салмағына қатысты бекітілген жоспардың орындалуы да 121,17 пайызды құрады. 

Станция бастығы Қайрат Төрединов, Қара-өзектегі станция жолдарына күрделі жөндеу өткізіліп жатқанына байланысты кесте бойынша жүріп жатқан пойыздардың кідірісін болдырмай, қозғалысты реттеуге Қызылорда бекетінің теміржолшылары атсалысып отырғанын атап өтті. Сыр өңірі бойынша жұмыс ауқымы жағынан басты бекет саналатын Қызылорда станциясының бүгінгі жұмысы күндегі тынысынан ерекшелеу. Жұмыстың ауқымдылығы мен жауапкершілігін сезінген станция бастығы диспетчерлік шеңбер жанында барлық әрекетті бақылауға алған. Әрине, қос станциядағы қозғалысты бір жерден басқару үшін біліктілік пен шеберлік, мол тәжірибе қажет. Бұл міндеттер бүгінгі ауысымда нағыз тәжірибелі теміржолшылар, станция кезекшісі Әли Бауыржанға, маневрлік жұмыстар диспетчері Исламбек Палмановқа және станция кезекшісі жанындағы оператор Күлайша Жүгінісоваға жүктелген. 

Қызылорда станциясы теміржолшыларының жұмыла еткен еңбегінің арқасында жоспар толығымен дерлік орындалды деуге болады. Мәселен, 5 ай ішінде металл тасымалына 28 вагонға сұраныс түскен, бірақ, іс жүзінде 103 вагонға дейін тапсырыс артқан. Сондай-ақ, сүрлем жем тасымалына 3 вагонға тапсырыс беріп, оның 9 вагонға өсуі, ал құрылыс заттары тасымалына бастапқыда тапсырыс болмағанымен, бір ай ішінде 75 вагонға құрылыс затының тиеліп жөнелтілуі де сандық көрсеткіштің өсіміне оң әсер еткен. Ал, транзиттік вагондардың құжаттарын рәсімдеу көрсеткішінің 91,70 пайызды құрауы вагон иелерінің қандай да бір себептерге байланысты вагондардан бас тартып, «тастанды» вагондардың станциялық жолдарда иесіз қалып қоюынан туындаса керек.

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды