Қызылордада жол қауіпсіздігін 6 ревизор қадағалайды

Аймақтар
14.06.2022, 11:05
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Сыр бойының теміржолшылары жылжымалы құрамдардың еш кідіріссіз бөлімше телімдерінен өтуіне қызмет жасауда. Әсіресе, қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға мүдделі аймақ ревизорлары уақытпен санаспай, тәулік бойы жұмыс істеп жүр.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Жолды диагностикалау орталығы» Қызылорда филиалының жол шаруашылығы ревизоры Әмірхан Жүсіпбеков биылғы бес айда бөлімше бойынша қозғалыс қауіпсіздігін бұзған 13 жағдай тіркелгенін айтты. Оның 3-еуі бөгде жекеменшік кәсіпорындар еншісіне тиесілі болса, 7 рет локомотивтің жарамсыздығы, 2 рет пойыздың бір сағатқа кешіктірілуіне қатысты 10 оқиға тіркелген. Тепловоз машинистерінің жедел тежегіш басу жағдайы биыл 46 рет тіркелген. Мұның 27-сінде иесіз малдың жол үстіне шығуы себеп болса, бөгде адамның рельс үстінде жүруіне байланысты 18 жағдай тіркелген. Ал маусым айының алғашқы 10 күнінде Қорқыт станциясы маңы мен Қызылорда жол дистанциясы телімінде бір-бірден иесіз малдың жол бойына шығып жайылып, пойызға басылуы тіркелген. Ал өткен жылдың осы уақытында 3 жағдай тіркелген болатын. Бұл мал иелерінің теміржолшылар тарапынан жасалатын ескертулерге құлақ аспайтын дығын білдірсе керек. Өңір теміржолы бойында пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылмауы үшін аймақтағы 6 ревизор күн-түн демей жұмыс жасап, жылжы-малы құрамдардың қауіпсіз қозғалысын сақтау үшін барлық шараларды күшейтуде. Және де жол бойын тексеру барысында назарға ілінген кемшіліктерге бей-жай қарауға болмайтындығы еңбеккерлерге дер кезінде ескертіліп, техникалық пысықтау жұмыстары жүргізілуде. Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін сақтауды арттыру үшін сала шаруашылықтарына кезектен тыс, тосын тексерулер, беймезгіл уақыттағы бақылау жұмыстары ұйымдастырылуда.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады