Қызылорда әкімі аймақтағы теміржол басшылығымен мемарандумға қол қойды

Аймақтар
17.06.2022, 11:24
Оқуға 2 мин
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда облысының әкімдігі, аймақ теміржолшылары мен кәсіподақ өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Бұл құжаттың басты мақсаты – еңбек ұжымындағы әлеуметтік жағдай мен өндірістік процестердің тұрақтылығын, жұмыс орындарын сақтау және персоналды жұмыспен қамту іс-шараларын қабылдау. Сонымен, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, «ҚТЖ-ЖТ» ЖШС «Батыс» филиалы Қызылорда қосалқы бөлімінің бастығы Батырхан Базарбаев, «Қызылорда облысының кәсіподақ орталығы» АКБ төрағасы Мақсұт Нәлібаев қол қойған құжат еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік-еңбек жағдайын және өндірістік процестерді тұрақтандыру, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын, жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара түсіністік және ынтымақтастық орнатуға бағытталды. «ҚТЖ-ЖТ» ЖШС «Батыс» филиалы Қызылорда қосалқы бөлімінің бастығы Батырхан Базарбаев қазіргі таңда аймақтың теміржол саласында барлығы 5692 адам жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Ол осы еңбек адамдарының қызметінің арқасында биылғы бес айдың жұмыс жоспары жоғары деңгейде орындалғанын атап өтті.  

– Жұмысшыларды жұмысқа қабылдау және ауыстыру процестері байқау арқылы айқын және ашық түрде жүр- гізіліп келеді. Кез келген адамның ҚТЖ компаниясының сайтында жарияланған конкурсқа қатысу мүмкіндігі бар. Компания қызметкерлерінің 80%-ы жыл сайын біліктілігін арттыру және дайындық курстарынан өтеді. Жастарды қолдау мақсатында жастар саясатына ерекше көңіл бөлінген. Себебі, қызметкерлердің 38%-ын жастар құрайды. Жастарға арналған даму тренингтері, лагерь, түрлі сайыстар мен форумдар жыл сайын республика көлемінде ұйымдастырылып келеді, – деді ол өз сөзінде. 

Ал облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, қазіргі таңда өңірдегі 49 ірі кәсіпорынмен меморандум жасауға келісілгенін жеткізді. «Меморандумға қол қоюдағы мақсат – осындай жиын өткізіп, мекеме басшысының есебін тыңдау, еңбек адамдарының жағдайын білу, ұсыныс-пікірлерін тыңдау. Ең бастысы – жұмыссыздықты болдырмау, жұмыс орындарын қысқартпау, жалақыны кезең-кезеңімен көтеру», – дей келе, облыс басшысы Қызылорда темір жол вокзалын заманауи үлгіде салу жоспарда қарастырылып отырғанын мәлімдеді. 

«Қазкөліккәсіп» ҚБ Қызылорда филиалының төрағасы Бауыржан Ахметов, аймақтағы ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында қол қойылған бұл үш жақты келісімнің аймақ теміржолшыларының әлеуметтік-экономикалық, құқықтық тұрғыдан қорғалуына берілген мүмкіндік екенін атап өтті.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды