Семейде станция басшылары оқушыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп жатыр

Аймақтар
17.06.2022, 11:37
Оқуға 2 мин
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесі бойынша желі бойындағы шұғыл тежеу оқиғалары, соның ішінде адам басу сынды келеңсіз фактілер жиілеуде. Мұндай жайттар әсіресе, халық көп шоғырланған ірі станцияларда тіркеліп отыр.

Осы орайда бөлімшеге қарасты станциялар басшылары жұртшылық арасында түсіндіру-ақпараттандыру жұмыстарын бастап кетті. Әсіресе, жазғы мектептің оқушыларымен жиындар өткізіп, желі бойындағы төнер қауіптен сақтандыруда. Мәселен, жуырда Шар станциясының бастығы Бейімбет Байсаринов осынау елді мекенге қарасты П.Г.Карелин және Абай атындағы мектептерде жас буынмен жүздесіп, желі бойындағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. Теміржолшылар мұндай ескертулерді 25 мамыр күнгі соңғы қоңырау салтанаты кезінде де айтқан болатын. Жазғы каникул кезінде де сақтандыру шаралары жүргізіле бермек. Қозғалыс қауіпсіздігі бойынша көрсеткіштер көңіл көншітпейді, себебі, осы жылдың басынан бері аймақта 29 шұғыл тежеу оқиғасы орын алыпты. Өкінішке орай оның 10-ында адам қағып кету жағдайлары орын алды.

– Әсіресе мектеп жасындағы балалар жиі ұшырайтын желі бойындағы жазатайым оқиғалардың басым бөлігі жазғы каникул кезінде орын алады. Темір жол бойындағы оқыс оқиғалардың жиі орын алатын жері белгіленбеген жерлерден кесіп өту, сонымен қатар теміржол өткелдерінде қауіпсіздік шараларын сақтамау, – дейді Шар станциясының бастығы Бейімбет Бейбітұлы. 

Темір жол бойында қауіпсіздікті сақтауға қатысты жұмыстар Жаңғызтөбе, Жарма, Аягөз және Семей мен Жаңа-Семей станцияларында да қолға алынуда. Аймақтағы келеңсіз жайтқа тек балалар ғана емес, ересектер де себепкер болуда. Мәселен, осы аптаның ішінде Риддер станциясында әйел адам теміржолдың бел- гіленбеген жерінен өтіп, тепловоздың астында қалып қаза тапты. Бұл оқиға бойынша желілік полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғап, қазіргі күні тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл орайда тәртіп сақшылары соңғы уақыттарда бөлімше бойынша суицидтік әрекеттердің де жиілегенін айтуда.

Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр