Атырауда теміржолдағы ұрлық-қарлық мәселесі өзекті

Аймақтар
01.07.2022, 13:05
Оқуға 2 мин
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау көлік прокурорының орынбасары жанындағы ведомствоаралық мәжілісте темір жол мекемелеріндегі құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша мәселелер қаралды.

Атырау жүк тасымалы мен магистральды желі бөлімшесінің, «Батыс» аймақтық жолаушылар тасымалының Атырау телімі және Атырау станциясы ЖПб өкілдері қатысқан жиында жол бойындағы ұрлық-қарлық өзекті тақырып болды. Жалпы, қоғамда неғұрлым экономикалық жағдай шиеленіскен сайын, соғұрлым қылмысқа бейімділік те арта түседі, соның әсерінен оңай олжа табуды көздейтіндер көбейеді. Көлік прокуратурасы мамандарының айтуынша, теміржолшылар тарапынан да осындай құқықбұзушылық кездесіп тұрады. Бүгінде азық-түліктен бастап бәрі қымбаттап жатыр. Қара не түсті металл бағасы да көтерілді. Міне, осы тұста оңай олжаға кенелуді көздегендер тарапынан рельс кесінділерін сатып жіберу фактілері болған. Сол секілді 402-бекетте рельс бекітпелерін ұрлағандар құрықталған. Ал «Батыс» аймақтық жолаушылар тасымалына тиесілі «Атырау-Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызында жолсерік пен жолаушының арасындағы төбелес халық арасына кең тарап, жағымсыз әсер қалдырған. Әрине, бұл жерде кімнің кінәлі екені анықталу үстінде, дегенмен жағымды әрекет емес екені анық. 

Сондықтан прокуратура мамандары қай жерде де қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға шақырды, әсіресе қылмыстық оқиғалар артып отырған Құлсары, Мақат аумақтарындағы еңбек ұжымдары арасында кешенді іс-шаралар жүргізуді ұсынды. Ал «Батыс» аймақтық жолаушылар тасымалы Атырау телімінде болған оқиғаны назарға алып, іс-шара қабылдау, Атырау желілік полицияға қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық шараларды ширата түсу тапсырылды.

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті