Байланыстың үздік жүйесі

Аймақтар
05.08.2022, 11:06
Оқуға 2 мин
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының ұжымы өткен жылы Майлытоғай станциясында елімізде алғаш рет микропроцессорлық, заманауи Контрл Лок-400 (МПЦ CtrlLock-400) микропроцессорлық сандық технологиясын қолданысқа енгізді.

Қазақстан темір жолында тұңғыш рет қолданылып отырған микропроцессорлық сандық технология 1953 жылы іске қосылған ДВК-3А жүйесінің орнын ауыстырды. Алғашқы тәжірибені сәтті жүзеге асырған Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясы өткен жылдың қорытындысымен «Үздік ұжым» атанып, оның бастығы, Құрметті теміржолшы Әкімжан Қосанов «Үздік басшы» төсбелгісін таққан. Өкінішке орай, осы салада нағыз кәсіби маман, білікті басқарушы, ұйымдастырушы болған әріптесіміз жуырда кенеттен қайтыс болды... Жалпы, Сыр еліндегі екі дистанция да осал емес. Алдыңғы жылдың қорытындысында Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне қарасты, Құрметті теміржолшы Ғани Ысқақов басқаратын Қазалы белгі беру және байланыс дистанциясының бағы жанып, үздік атанған болатын. Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің бас инженері Берік Бекжанов соңғы жылдары қызылордалық сала қызметкерлері аймақ теміржолын өркендетіп жаңартып-жаңғырту бойынша көптеген жұмыстар атқарғанын тілге тиек етті.  

– Біздің бөлімшеге қарасты қос дистанция да соңғы екі жылда Ұлттық компания бойынша үздік ұжым аталып, мекемені басқарушы басшылар «Үздік басшы» болып танылды. Үздік аталым телімдерде байланыс құрылғыларының жаңартылуы, заманауи технологияларды қолданысқа сәтті енгізе отырып, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ете білгені үшін беріліп отыр, – деді Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің бас инженері Берік Бекжанов.  

Контрл Лок-400 (МПЦ CtrlLock-400) микропроцессорлық технологиясын телімге орнату үшін магистральдық желі бөлімшесі дистанция инженерлерімен бірге арнайы даярлық жүргізді. Жаңа жүйені зерттеу, меңгеру өз алдына, байланыс құрылғыларының үздіксіз жұмысы үшін қолданыс талабына сай оларға күтім жасаумен қатар жаңалау жұмыстары ешқашан тоқтаған емес. 

– Біздің дистанция бойынша атқарылған жұмыстарды айтып өтсем, Қызылорда, Жалағаш станциялары мен Анакөл бекеттерінде РСД типті қосалқы тоқ көзі орнатылды. Қаракеткен-Қызылтам-Анакөл аралықтарында екі жақты автобұғаттау сұлбасына өзгертулер енгізілді. Жылдық жоспарға сәйкес 50 дана Р-80 Альстом типті электрлі жетек қолданысқа енгізілді, бұлардың бәрі байланыстың үздік жүйесі саналатын заманауи құрылғылар, – деді дистанцияның байланыс жөніндегі орынбасары Берік Ырзалиев.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды