«Мектепке жол» республикалық акциясына теміржолшылар да белсене атсалысып жатыр

Аймақтар
19.08.2022, 11:13
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі балаларды мектепке дайындайтын республикалық акцияға үн қосты. Жазғы демалыс мектепке даярлық жұмыстарымен жалғасып, теміржолшылар от басында қарбалас жүріп жатыр, деп хабарлайды Rail-news.kz.

 Бұрын білім ошағының есігін ашатын бүлдіршінді мектепке жинау тек ата-ананың жұмысы болса, қазір бұл шара ұжымдық деңгейде атқарылатын болды. «Мектепке жол» республикалық акциясына теміржолшылар жылда белсене атсалысып, тек өз әріптестеріне ғана қол ұшын созып қоймай, аз қамтылған отбасыларға да көмектесіп келеді. Алғашқылардың қатарында Ажар Ерманова басқаратын Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің кәсіподақ ұйымы отыз балаға сыйлық әзірледі.  

– Жыл сайын әріптестеріміздің мектеп ке баратын балаларына қолдау ретінде берілетін әлеуметтік көмек биыл да жалғасуда. Кәсіподақ ұйымының атсалысуымен 30 балаға мектепке қажетті оқу құралдары толтырылған сумка дайындап, күні кеше бүлдіршіндерге табыс етіп қуанттық. Былтыр да 40 шақты балаға сыйлық жасаған болатынбыз, – деді Магистральдық желі бөлімшесі персоналмен жұмыс бөлімінің маманы Аида Каналиева.  

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің бастығы Ибраким Басықараевтың қолдауымен және «Аманат» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасы балаларының тізімі жасақталып, акция тек бір кезеңмен тоқталмай, әрі қарай да жалғасын таппақ.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады