Конституция – басты құжат

Аймақтар
31.08.2022, 15:40
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

ҚР Конституция күніне орай Қызылорда теміржолшыларының партия активтері мен мекеме заңгерлері, «AMANAT» партиясының Теміржол филиалының белсенділері дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Барлық заң мен заңнамалардың бастауы болып табылатын құнды құжат – Конституцияны құрметтеу, қоғамда заңдылықтың сақталуы мен тәртіптің нығаюы, адам құқығының бұзылуына жол бермеуді мақсат еткен жиында ой-пікірлер тыңдалып, ұсыныстар айтылды.

«AMANAT» партиясы «Теміржол» филиалының атқарушы хатшысы Базара Танбаева шараға қатысушыларды ҚР Конституциясы күні мерекесімен құттықтап, Тәуелсіз ел тұғырының беріктігі, Заңның айбындылығы жайында ой қозғады.

– Бүгінде елімізде ауқымды өзгерістер мен тың бастамалар қолға алынды. Жаңа Қазақстанды дамытудың жаңа кезеңінде бәрі Ата Заңның аясында жүзеге асырылып, еліміз заман талабына сай жаңғыра берсін. Біздің саяси, экономикалық, әлеуметтік саладағы бастамаларымыз ең алдымен Конституцияға негізделеді. Ол – мемлекетіміздің негізін берік қалыптастырған басты құжат, – деді Базара Танбаева.

Шара барысында жүктелген тапсырмаларды абыроймен атқарып жатқан теміржолшылардың еңбектеріне тоқталып, Конституцияға деген құрметті нақты іспен, адал еңбекпен, заңға мойынсұнумен дәлелдеу керектігі жайлы ой пікірлер айтылды. Сондай-ақ қоғамдық жұмыста белсенділік танытқан партия мүшелері алғыс хатпен марапатталды.

 

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады