Ұйымдастыра білген ұтады

Аймақтар
04.10.2022, 14:31
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесіндегі кәсіподақ ұйымының төрайымы Айша Қалағанова өңірдегі әр теміржолшы отбасымен таныс десек, артық айтпаймыз.

Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы 21-разъезде туып өскен кейіпкеріміз мектеп бітірген соң теміржол институтын бітіріп, еңбек жолын 1998 жылы Ақтөбе теміржол басқармасының жол шаруашылығында бастайды. 2000 жылдардан кейін Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі құрылып, жаңа бөлімге қызметке шақырылады. Техникалық, өндіріс бөлімдерінде қызмет атқарып, 2007 жылы кадр бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды. 13 жыл бойы Ақтөбе, Орал аймағы бойынша кадр қызметін басқарды. Тәжірибелі жан әр теміржолшының әлеуметтік жағдайымен сол кезден таныс. 2020 жылы көпшіліктің таңдауымен магистральдық желі бөлімінің кәсіподақ төрағасы болып тағайындалады. Ұзақ жыл кадр бөлімін басқарғандықтан бұл қызметті ұршықтай иіріп алып кетті.  

«Әр қызметкердің әлеуметтік жағдайымен таныспын. Барлық көпбалалы отбасылардың тұрмысымен, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған әріптестеріміздің жағдайынан хабардармын. Саладан еңбек демалысына кеткен ардагер теміржолшыларды да назардан тыс қалдырған емеспіз. Кәсіподақ қызметі де осы – халықтың әлеуетін арттыру жолында қызмет ету», – дейді ол.  

2020 жылы Пойыздар қозғалысын бір жерден басқару орталығын Ақтөбе қаласынан ашу, бес өңірдің диспетчерлерін көшіру, орналастыру, әлеуметтік жағдайына көмектесу жұмыстарына белсене араласқан қызметкерлердің бірі Айша Қалағанова індет кезінде кәсіподақтың жұмысын төтенше жағдайға көшірді деуге болғандай.  

«Пандемия кезінде жасалған жұмыс шаш етектен. Коронавирустан қорғану жұмыстарына барынша күш салдық. Қолдан келгенін де, тіпті келмегенін де жасауға ұмтылып, кейін қызметкерлердің денсаулығын қалпына келтіруге көп көмек көрсетілді. Қазір кәсіподақ қызметінің 30 жылдығына орай қауіпсіздік аясында ұжымдар арасында байқау өткізіп жатырмыз. Үздіктер ор талық кәсіподаққа жіберіліп, республика бойынша жеңімпаз анықталады», – дейді Айша Қалағанова.  

Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінде жасалып жатқан жұмыстарға теміржолшылар да, сала ардагерлері де белсене араласады. Түрлі спорттық шаралар тұрақты өтеді. Теміржолшылар арасында бірнеше футбол командалары бар. Спорт кешендерімен келісімшарт арқылы теміржолшыларға бассейнге, фитнес залға бару мүмкіндігі қарастырылған.  

Осындай жұмыстардың ортасында ұйымдастыру қабілеті зор Айшадай арудың жүргені қандай жақсы. Ал ұйымдастыра білген ұтады.  

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды