Әлеуметтік қолдауға әрбір жұмысшы лайық – Кәсіподақ

Аймақтар
04.10.2022, 14:41
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Әр мекемедегі бірнеше жүзден асатын еңбеккерлердің кез келген әлеуметтік мәселесінің оңтайлы шешілуіне атсалысатын кәсіподақ ұйымына жүктелетін салмақ жыл сайын артып келеді.

Қазалы белгі беру және байланыс дистанциясы кәсіподақ ұйымының төрағасы Ерсайын Сұлтанов – кәсіби жұмысына қоса кәсіподақ жұмысын қатар жүргізіп отырған маман. Өндірістің де, салалық кәсіподақтың да жұмысын білетін бесаспап жанға заңдық, құқықтың кеңес сұрап келетіндер көп. Олардың бәріне өз құзыреттілігі шеңберінде көмек беруге тырысады.  

– Осы жылы түрлі жағдаймен көмек сұраған жұмысшылар мен зейнеткерлерге 1 550 000 теңге көлемінде қаражат берілді. Жұмыс жасап жүрген мүгедек жұмысшыларға 400 000 теңге қайырымдылық көмек көрсетілді. Жақын туыстары қайтыс болғандарға 420 000 теңге берілді. Басқа да жұмысшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға, жуынатын бөлмелерге, дәретханаларға сантехникалық құрылғылар сатып алуға, мәдени-көпшілік іс-шараларға кәсіподақ бюджетінен 400 000 теңге қаржы бөлінді. Дүниежүзілік еңбек қорғау күніне орай «Үздік ұжым» атты байқау өткізіліп, бағалы сыйлықтарға 170 000 теңге қаржы жұмсадық. Сонымен қатар республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына кәсіподақ бюджетінен бірінші сыныпқа баратын 46 бүлдіршінге 601 000 теңге қаржыға сөмке және мектепке қажетті оқу құралдарын сатып алып табыс еттік. Міне, осындай шаралардың бәрі кәсіподақ ұйымы тарапынан теміржолшылар мен олардың отбасы мүшелерін қолдауға бағытталған. Салалық кәсіпте өндірістік болсын, әлеуметтік болсын, барлық жұмыс белгіленген тәртіппен шешіледі. Одан тысқары шаруалар жергілікті атқарушы органдар тарапынан шешілуі тиіс. Дегенмен теміржол саласында жұмыс жасаған кез келген адам алдымен өзі жұмыс жасаған мекеменің есігін сағалайтыны белгілі. Ондай мақсатта келген әріптестеріне жағдайдың түсіндіру, жол сілтеу, қажет болса көмек қолын созу – ең алдымен кәсіподақтың міндеті, әлеуметтік қолдауға әрбір жұмысшы лайық – дейді Ерсайын Сұлтанов.  

Сонымен қатар барлық әлеуметтік мәселелер санатына қарай Ұжымдық шартта көрсетілген деңгейде шешілетінін ескерген кәсіподақ қызметкерлері өз жұмысында оны ең басты құжат ретінде басшылыққа алады.  

Кәсіподақ жұмысымен қоса кәсіби жұмысының нағыз маманы атанған Ерсайын Сексеуіл-Қоскөл жаңа телімін іске қосуға көп еңбек сіңірді. Жаңа жол құрылысына 4 жыл бойы ат салысып, 13 станцияны пайдалануға қосуға тікелей қатысты.  

– 2016 жылы дистанцияның кәсіподақ комитетінің төрағасы болып сайландым. Сол уақыттан бері марқұм Қаржаубай Қартабаев ағамыздың жұмысын жалғастырып келе жатырмын. Ол кісі өте сабырлы, үлкенге – құрмет кішіге ізет көрсететін, мекемедегі басшылардан бастап жұмысшыға дейін құрметтейтін азамат еді. Мен сол кісінің салып берген сара жолымен келе жатырмын. Сондай беделді жанның ісін лайықты жалғастыра алам ба, жоқ па деп басында аздап жүрексінгенім де рас, – дейді кәсіподақ жетекшісі.  

Биылғы төл мерекеге орай Магистральдық желі дирекциясы басшысының қолынан «Адал еңбегі үшін» төсбелгімен марапатталған Ерсайын Ережеұлы осындай жан.  

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды