Өнертапқыштар деңгейі өсіп келеді

Аймақтар
14.10.2022, 10:22
Оқуға 2 мин
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Шымкент филиалы мен Шымкент магистральдық желі бөлімшесі мамандарының қатысуымен рационализаторлық белсенділікті арттыру мақсатында арнайы тренинг өтті.  

Жиынның басты мақсаты өнертапқыштық белсенділікті арттыра отырып, техникалық шығармашылықты дамыту болды. Ғылыми-техникалық ақпарат бөлімінің меңгерушісі Ләззат Әбутәліпқызының ұйымдастыруымен өткен жиынға Шымкент магистральдық желі бөлімшесі филиалының бас инженері Мұхтарбай Битеміров пен Шымкент жүк тасымалы бөлімшесінің бас инженері Іляс Нұржанов, техникалық және өндірістік бөлім басшылары мен қызметкерлері қатысып, біліктіліктерін шыңдады.  

Жиында еңбек нәтижесіне деген қызығушылықты ояту арқылы теміржолшыларды техникалық қызмет үшін моральдық және материалдық тұрғыдан ынталандыру, осылайша қоғам сұранысын қамтамасыз ету мәселесі күн тәртібіне шығарылды. Нәтижесінде компания мен еншілес ұйымдардың шығындары оңтайланып, шығындар азаяды деген болжам бар.  

«Біз өз мамандарымыздың рационализаторлық ұсыныстарын қолдай отырып, авторлық құқықтарын қамтамасыз етеміз. Қуантарлығы, бүгінде өндіріс талабы өскен сайын өнертапқыштық ұсыныстардың да деңгейі өсіп келеді. Баяғыдай қарапайым емес, жылдан-жылға күрделі, сонымен қатар тиімді, табысты ұсыныстар ойлап тауып, өндіріске қосып жатқан әріптестеріміздің еңбегіне тек қол соғып қолдау білдіреміз. Ал өнертапқыш – шығармашылық еңбек, кез келген еңбек лайықты бағаланып, ынталандырылуы қажет», – деді жиында сөз алған Іляс Бахрамұлы.  

Біліктілікті шыңдау шарасына осы кезге дейін «Үздік рационализатор» атанып, кеудесіне төсбелгі таққан білікті мамандар да қатысты. Олар – Исламхан Алтаев пен Алмас Қонысов, Галина Попова мен Бекжан Билібаев сынды азаматтар. 2021 жылы Исламхан Нұртайұлы ұсынған РП-176В рационализаторлық еңбегінің экономикалық тиімділігі нәтижесінде 2 592 519 теңге үнемделген. Бұл компанияның өндірістік жұмыста игерген үлкен олжасы саналады.  

Озық өнегені өзгеге үлгі ету мақсатында ұйымдастырылған шарада осынау үздік рационализаторлар өз ойларын ортаға салып, тәжірибесімен бөлісті. Басшылық техникалық информатор әрі рационализатор ретінде танылып келе жатқан Ғани Иманғалиұлы, Нұрсұлтан Бауыржанұлы, Назгүл Айтмырзақызы, Жарқын Қайратұлы, Саламат Әнесұлы, Нұржан Смайылбекұлы, Нәдір Ғазизұлы, Мәлік Бақтиярұлы, Жұмабек Батырханұлы сияқты мамандарға сенім артып, қызметтеріне сәттілік тіледі.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды