Республика күніне орай теміржолшылар марапатқа ие болды

Аймақтар
27.10.2022, 12:55
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Сексеуіл жол дистанциясының жиырмаға жуық жолшысы Республика күні мерекесіне орай марапатқа ие болды.

Пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі сақталуына ерекше үлес қосып жүрген болат жолдың бағбандары Артур Мендалиев, Айболат Мамитов, Балтабай Мырзағұлов, Аманжол Құлжанов, Берік Әбдіхалықов, Марат Байманов, Бекболат Сатаев, Еламан Теңізбаев, Қуаныш Мұхамедшәріпов, Асылбек Молмаханов, Жанатбек Тайлауов, Асқарбек Елеуов, Аманкелді Балабатыров, Жанкелді Раймқұлов, Марат Алпысбаев және Жеңісбек Сейілханов еңбектері ерекше аталып өтіп, Құрмет грамотасы мен Алғыс хатқа ие болды.    

Сонымен қатар, мереке құрметіне осыған дейін түрлі себептерге байланысты 22 адамның сөгіс, ескерту секілді тәртіптік жазасы кешірілгені де жолшылар ұжымы үшін жағымды жаңалық болды.

Осындай мерекелік шара Қызылорда жол дистанциясында да өтіп, онда да озаттарға құрмет көрсетіліп, кәсіподақ ұйымы тарапынан әзірленген сыйлықтар табыс етілді. Ал Жосалы теміржол вокзалында дастархан жайылып, әрі-бері өткен пойыз жолаушыларына сыр өнімдерінен ауыз тиюге мүмкіндік жасалды. Сырдың тәтті қауыны мен ыстық бауырсағынан, құрт-майынан дәм татқан жолаушылар теміржолшыларға алғыс айтып, сапарларын әрі қарай жалғастырды.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады