Теміржолшылар қызметі қысқы режимге көшті

Аймақтар
22.11.2022, 09:54
Оқуға 2 мин
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Бүгінде Семей ЖТ бөлімшесінің теміржолшылары қызметтің қысқы режиміне көшті.

Желі бойындағы барлық теміржол құрылымдары мен шаруашылықтары қатал маусымға толық даярлықпен кірісті. Осы орайда әсіресе жұмысқа жаңадан қабылданған, қысты теміржол бойында алғаш өткізушілермен іс жүргізуге басымдық берілуде. Биылғы жылы олардың саны 102 адам болып отыр. Бөлімше басшысының тапсырмасына сай әрбір жаңа еңбеккердің жанына тәжірибелі маманнан бекітіліп берілген.  

Жуырда шалғай станцияларда болып, ресми жұмыс сапарынан оралған бөлімшенің еңбекті қорғау бөлімінің бастығы Сәкен Жұмаділовтің айтуынша, арнайы киім, қыстық шұлық және аяқ киіммен қамту ісі қыркүйек айында 100 пайызды құрады. Бөлімшенің шаруашылық бөлімінің мамандары қажетті мүліктерді желі бойындағы барлық мекемелерге уақытында жеткізіп берген болатын. Әуелгі кезекте ашық далада еңбек ететін станциялар қызметкерлері, локомотив шаруашылықтарының мамандары, вагон қараушылар өткен қазан айында арнайы киімдерді қолдана бастады. Қажетті маусымдық киімдер – «A.V.Group», «АХБК», «ТаразКожОбувь», «Алтын Адам тігін фабрикасы», «Баязит» ЖШС сияқты отандық киім фабрикаларының өнімдері. Ал арнайы қорғаныш каскаларынан қажеттілікке қарай Семеймен Өскемен өңірлерінің әрқайсысына 20 бірліктен алыныпты. Дегенмен, жел өтінде жүретін теміржолшылар тарапынан сұраныстың мол болуы себепті өте төменгі температурада киюге арналған, қой жүнінен әзірленген етіктер биылғы жылы мол көлемде жеткізілді. Қазіргі күні қызметтік киімдермен қамту бойынша байтақ желі бойындағы теміржолшылар тарапынан шағым тіркелмепті.  

Сонымен қатар, биылғы жылы үсік шалғанға қарсы пайдаланылатын арнайы жақпа май да мол көлемде алынған. Оған негізінен вагон қараушылары мен пойыз құрастырушылар көптеп тапсырыс берген болатын. Бұл орайда «К&K Elite» ЖШС мекемесімен арнайы келісім жасалынып, медициналық қобдишалар сатып алынған.  

– Биыл қар да, суық та кеш түсті. Қысқа даярлық жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізіп, кеңінен әзірлік жасауға мүмкіндіктеріміз аса мол. Дегенмен де бұл дайындығымызды алдағы ұзаққа созылатын қатал қыс сынайтын болады.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды