Машинистер де, машиналар да дайын

Аймақтар
22.11.2022, 10:40
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе локомотив пайдалану депосының тепловоздары қыс маусымына сақадай сай тұр. Биыл 50-ден аса тепловоз техникалық тексерістен өтті. Қызметкерлердің қысқы киіммен қамтылуы да жүз пайыз.

Ақтөбе локомотив пайдалану депосының басшысы Нұрлан Көшербаевтың айтуынша, биылғы қыс мезгілінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған тұрақты шаралар тиянақты жүзеге асырылған. Тасымалдау кезеңіне сай тепловоздар техникалық тексерістен өтіп болды.  

«Пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтау жұмыстары – күнделікті күн тәртібінен түспейтін міндеттер. Ұлттық компания техникалық және технологиялық даму жұмыстарына көп көңіл бөлуде. Әсіресе, басқару тиімділігін арттыру, негізгі құралдардың тозуын төмендетуге бағытталған жұмыстар басымдыққа ие. Қазіргі уақытта пайдалану депосының паркінде жалпы саны 63,5 тепловоз бар, соның 52,5 тепловозы қыс маусымына дайындалды», – дейді Нұрлан Көшербаев.

Депо цехтарының бірін аралап жүріп, отандық Локомотив құрастыру зауытының өнімі – ТЭ33А сериялы тепловозына техникалық тексеріс жүргізіліп жатқан жұмыстың үстінен түстік. Отын, ауамен қамтамасыз ету және су, май жүйелері тазартылып, ескірген қондырғылары ауыстырылып, жолға дайындалып жатты. Бұл жердегі күрделі тексеру жұмыстары 10 күн ішінде аяқталса, қысқа жөндеу мерзімдері 12 сағатқа созылады.  

«Локомотивтер мен техникалық қауіпсіздік құралдарын ұқыпты ұстап, істен шығармауға әрекет етеміз. Бұл дағды локомотив бригадаларының білімін жетілдіріп отыру арқылы қалыптасады. Осы ретте, қызметкерлер біліктілігін арттыру жұмыстары тұрақты ұйымдастырылғанын айтар едік. Техникалық сабақтар жоспарға сай апта сайын өтікізіліп тұрады. Демек, алдағы қыс маусымына машинистер де, машиналар да толық дайын», – дейді локомотив басшысы.  

Депода тасымалдау қызметін ұйымдастыруға 682 адам қызмет көрсетеді. Оның 309-ы машинист, 288-і машинист көмекшісі. Жұмысшылар қысқы киіммен жүз пайыз қамтамасыз етілген.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды