Еңбек процесін жақсартуға арналған техника

Аймақтар
29.11.2022, 09:39
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Сағыз станциясынан бастап Д.Нұрпейісоваға дейінгі жол телімі Атырау жол дистанциясына қарайды. Осы учаскеде үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету – жолшылардың күнделікті тірлігі. Дистанцияда жұмысшылардың жағдайын, еңбек процесін жақсартуға арналған бірнеше техника сатып алынды.

Мәселен, жұмысшыларды тасуға арналған жол талғамайтын вахта Камазы, өзі жүк түсіретін самосвал көлігі, дизелді отын көмегімен жүретін АС-5 теміржол көлігі, тамақ ішу, жатын бөлмесі бар техникалар бар. Бұл техникалар жұмысшылардың жұмысын жеңілдетіп, жақсартып отыр. Сондай техниканың бірі – Автоматриса темір жол көлігі.  

– Бұл – демалатын 10 адамдық орны, кондиционер, ас бөлмесі, жуынып-шайынатын душы, электр тоғы, теледидар, тоңазытқыш, автономды жылытқышы бар жайлы кешенді модуль. Күніне бригада құрамы 10-15 адаммен жолдың жай-күйін анықтап, жөндеуге шығады. Жол параметрлерінің талапқа сәйкестілігі, шпал, рельстер жайы қаралып, кей тұстарда ауыстырылады. Менің міндетім бригаданы діттеген жеріне жеткізу, – дейді машинист Жеткіншек Бекбауов.  

Өзі әу баста дистанцияда жолшы болып жұмыс істеген. Содан кейін Қарағанды, Ақтөбе қалаларында оқып, арнайы жол техникасын жүргізуші куәлігін алыпты. МПТ кран, қар тазалаушы техниканы да тізгіндеген. Бүгінде осы модульді техниканы жүргізеді. 30 жылдан бері бір мекемеде еңбек етіп келеді. Қасында жас маман, машинист көмекшісі Ақылжан Ерсайыновты техника тілін жетік меңгеруге баулуда. 

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды