Қызылорда темір жолын жылумен қамту штаттық режимде жүріп жатыр

Аймақтар
13.12.2022, 11:07
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда темір жолында қыс маусымына дайындық шаралары қатарында ең алдымен ғимараттарды жылумен қамтамасыз ететін 8 қазандыққа және 1621 метр жылу жүйелеріне күтім жасалып, қысымды тазалықтан өткізілді.

Екінші кезекте қажетті техникалық және тұрмыстық көмір жеткізу кестеге сай орындалды және оны тұйықтарға жеткізу мен тарату қатаң бақылауда.  

– «Теміржолсу-Қызылорда» ЖШС теміржол көлігі кәсіпорындарына қарасты заңды және жеке тұлғаларды қажетті көлемде жылумен қамтамасыз ету міндетін өз деңгейінде атқарып отыр. Серіктестіктің теңгерімінде тұтынушыларды жылумен қамтамасыз ететін сегіз қазандық бар. Олардың ішінде Төретам, Жосалы, Жалағаш станцияларында орналасқан қазандықтар көмір жақса, Тереңөзек, Белкөл, Шиелі және Жаңақорған станцияларында орналасқан қазандықтар көгілдір отынға көшірілген, – дейді «Теміржолсу-Қызылорда» серіктестігінің бас инженері Насыр Абдулла.  

Мекеме 2022-2023 жылдардағы жылыту маусымына отыз үш тұтынушыға жылу жеткізуге келісімшарт жасасқан. Сол үшін жаз айларында 1621 метр жылу желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жасап, жүйені толықтай жуып-шаю мен гидравликалық сынақтардан өткізді. Барлық от жағушы машинистер арнайы киімдермен және зиянды жұмыстар үшін берілетін сүтпен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар олар арнайы оқу бағдарламалары бойынша оқудан өткен.  

Көмір жағатын қазандықтар үшін биылғы маусымға қажетті 719 тонна қатты отынның қазіргі уақытта 417 тоннасы мекеме қоймаларына түсірілсе, 140 тонна тапсырыс орындаушылар тарапынан жөнелтіліп, қажетті көмірмен қамтуда кедергі болмайды. Ал көгілдір отын жағатын 4 станциядағы қазандықтар техникалық тексеру, жөндеу жұмысынан өткізіліп, жылуды тұрақты таратып тұр. Жалпы аймақ бойынша жылумен қамтамасыз ету жұмыстары штаттық режимде жұмыс жасауда.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады