Таразда теміржол үстінен өтетін екі көпір салынады

Аймақтар
17.03.2023, 10:05
Оқуға 2 мин
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Таразда теміржол үстінен өтетін көпір салу мәселесі көтерілуде. Ол облыс орталығындағы ең ұзын, магистральдық көше – Абай даңғылымен темір жолдың үстінен өтетін аспалы көпір болмақ.

Соңғы отыз жылда Тараз халқының саны 365-тен 427 мыңнан асқан. Темір жолдың арғы бетіндегі халық саны 25 мыңнан 50 мыңға жеткен. Тараз вокзалының өзі бүгінде қала орталығында қалып барады. Көлік саны да еселеп артқан.  

– Қаланың екі жағын байланыстырып тұрған темір жол астындағы өткелден өтетін көліктердің тәуліктік сыйымдылығы – 15 мың. Ал қазір мұнда тәулігіне 27 мың көлік өтеді. Үлкен кептеліс болады. Сондықтан облыс әкімінің осы аумақтан аспалы көпір салу жобасы теміржолшылар тарапынан қолдау тауып отыр, – дейді Жамбыл бөлімшесінің бас инженері Дүйсен Сыдықов.  

Жобаның құны – 8 миллиард теңге, көпір салынатын болса, темір жолдың екі бетіне халық еркін қатынайтын болады.  

Екінші мәселе, осы даңғылдың шығысындағы Жамбыл-Қаратау телімінің бесінші шақырымындағы «Ауыл-Береке» базарының аумағы. Мұнда тәулігіне 4-5 пойыз жүргенімен қауіп жоғары. Көлік кептелісі, жүргіншілер шоғыры қалың. Қала берді «Ауыл-Береке» базары, одан әрі автобекет. Ал автобекеттің шығысында бос жатқан алқапта жаңа «Әулиеата» шағын ауданы бой көтермек. Бүгінгі күні инфрақұрылым тартылып, тіпті «ІТ мектеп» пен облыстық онкологиялық аурухана салынуда. Сондықтан қаланың бас жоспарын қайта қараған жергілікті билік екінші «Әулиеата» шағын ауданына баратын жолды кесіп өтетін темір жолдың үстінен 1,5 км аспалы көпірдің құрылысын қаржыландырады деген болжам айтылуда. Демек болашақта екі көпір салынады деген сөз.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды