Теміржолшылар тазалық жұмыстарын бастап кетті

Аймақтар
17.03.2023, 10:30
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Арғын Орымбаев басқаратын Қазалы вагон пайдалану депосының теміржолшылары санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізіп, сенбілік өткізді. 

«Тазалық – табалдырықтан басталады» деп білетін қазалылықтар теміржол торабындағы сенбілікті депо басшысы мен ұжымның кәсіподақ ұйымының төрағасы Бақытжан Балтабайұлының бастамасымен, кәсіподақ ұйымы белсенділерінің ұйымдастыруымен қолға алды. Оған ауысымаралық және жұмыстан тыс теміржолшылар жұмылдырылды. Қашанда аймақтағы игі бастама, жағымды жаңалықтың бастамашысы болып жүретін Қазалы депосының теміржолшылары аймақта басталған көктемгі тазалық жұмысы –  енбілікті бірінші болып өткізіп, өзге әріптестеріне үлгі бола білді.

Депо бойынша өткізілген сенбілік бірінші кезекте жұмыс орнын ретке келтіру жұмысынан бастау алып, депо ауласына ауысқан. Одан кейін жылжымалы құрамдарға техникалық қызмет көрсететін барлық бекеттерде сенбілік жұмысы жалғасын тауып, теміржолшылардың техқызмет жасайтын орындарының түгелін ретке келітіруге күш жұмсалған екен. Әрине бір күнгі сенбілікте сонша аумақты ретке келтіруге үлгермесі анық. Дегенмен, тазалықты жүргізу емес, оны бірқалыпты ұстап тұру тұрғысынан жұмыс басталып, жүргізіліп жатыр. Ол үшін барлық бекеттердегі депоның ауласына түрлі көлемдегі қоқыс жәшіктері ретке келітіріліп, жоқ жеріне жаңадан орналастырылып, ағаш-талдардың қураған бұтақтары балақталып кесіліп, түптері қопсытылып, әкпен заласыздандырылуда. Арықтар тазартылып, қоқыстар сыртқа шығарылып бекеттердегі магистральдық желілер бойына да тазалық жұмыстары жүргізілген. Магистральдық желілер бойын қағаз, пакет секілді экологиялық тазалықты бұзатын қоқыстардан тазарту жұмыстары жалғасып жатыр.

– Қазалы вагон пайдалану депосының техникалық қызмет көрсету бекеттері және бақылау қосындарының жұмысшылары теміржол магистральды жолағына, өткелдеріне санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізіп сенбілік жасады. Сенбіліктің қоғам назарын тазалық сақтауға аударып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызы зор. «Тазалық бар жерде-береке бар» демекші тазалық жұмыстары депо жұмысшылары тарапынан барлық бекеттердегі қосындарда жалғасын табады. Ендігі кезекте депо маңын жасыл желекке айналдыру үшін көшет отырғызу жұмыстары қолға алынады, – деді ұжым бастығы, құрметті теміржолшы Арғын Орымбаев.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады