Атырауда Наурыз мерекесіне орай байқау өтті

Аймақтар
20.03.2023, 12:19
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау магистральдық желі бөлімшесінде «Қош келдің, Наурыз мейрамы!» атты байқау өтті.

Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамы да келіп жетті. Күн мен түннің теңеліп, жан-дүниені тірілткен, шаруаның бір малы екеу болып, арқа-басы кеңіп, аққа аузы тиген, қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, алдағы шуақты күндерден үміттендірген Наурыз мерекесі Тәуелсіз еліміздің зор ықыласпен тойланатын нағыз халықтық сипаттағы салтанатқа айналды.  

Теміржолшылар да бұл күнді жыл сайын зор қуанышпен атап өтіп келеді. Мереке қарсаңында Атырау магистральдық желі бөлімшесінде басқару аппараты кеңсесіндегі бөлімдер арасында «Қош келдің, Наурыз мейрамы!» атты байқау өтті. Оның мақсаты – теміржолшылар арасында ұлттық салт-дәстүрді, жыл басы – Наурыз мерекесінің маңызын насихаттау, ұжымның бірлігін нығайту. Сайыста әр бөлім қызметкерлерінің дәстүрлі киіну үлгілері, қызметтік бөлмелерді Наурыз мерекесіне сәйкес безендіру, Наурыз дастарханын дайындау, салт-дәстүр бойынша өнер көрсету талаптары қойылды.  

Байқауға қатысқан Экономика, кадр, қаржы, өнідірістік-техникалық, еңбек қорғау, материалдық-техникалық, вокзал шаруашылығы, басқа да бөлімдер тыңғылықты дайындалыпты. Кабинеттер ұлттық нақышта безендірілген, барлық мамандар ұлттық киім киген. Онда қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде пайдаланатын киіз үйден бастап барлық ұлттық бұйымдар қойылған. Әр бөлім өзінше ынтамен дайындалғаны көрініп тұр: төрге ілінген алмас қылыш, қамшы мен домбырадан бастап, тымақ, кебеже-сандық, қазан-ошақ, халқымыз қолданған басқа да ұлттық бұйымдар қойылған. Сырға салу, сыңсу, жамбы ату, асық ойын, ат қою, бесікке салу, қыз ұзату, т.б. көптеген салт-дәстүрлерден қойылымдар көрсетіліп, дастархан мәзірі де Наурыз көжеден бастап, ет, қазы-қарта, жал-жая, жент пен сүзбе, бұжы, басқа да ұлттық тағамдарға толы болды. Ән айтылып, күй де төгілді.  

«Сайыстың мақсаты сынау емес сыйлау, Наурыз мерекесін теміржолшылар қалай түсінеді, дәстүрімізді ұмытпай, кейінгі жастарға насихаттай жүрейік, ұжым бірлігін нығайтайық деген ой», – дейді Атырау магистральдық желі бөлімшесі кәсіподақ ұйымының жетекшесі Марат Бейсенғалиев. Соған орай әділқазылар алқасы бәрін де жеңімпаз деп танып, белгіленген жүлдені бөлімдерге теңдей бөліп берді. Бөлімше 22 күні өтетін Наурыз мерекесіне де қызу дайындық үстінде.

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?