Ұлыс күні ұлықталды

Аймақтар
20.03.2023, 12:55
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Сыр бойына көктемді ала келген Наурыз мерекесін Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясы, Қызылорда жол дистанциясы мен Қызылорда станциясының теміржолшылары ерекше форматта атап өтті.  

Ұлыстың ұлы күніне әзірленген мерекелік шара кезінде әріптестерінің қуанышын бөлісу үшін Қызылорда қосалқы бөлімінің бастығы Батырхан Базарбаев, Магистральдық желі бөлімшесінің директоры Ибраким Басықараев, Қауіпсіздік департаментінің Қызылорда учаскесі бас ревизоры Алмат Молдашев, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сисенбі Шермаханов және «Қазкөліккәсіп»ҚБ Қызылорда филиалының төрағасы Бауыржан Ахметовтер аталған мекемелерді аралап, құттықтап шықты.  

Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясы басшылығы мен кәсіподақ ұйымының төрайымы Ғалия Қожахметовалардың өндірістік цехта ұйымдастырған мерекеге дистанцияның есептегі зейнеткерлері шақырылып, құрмет көрсетілді. Алты қанатты ақ орданың кіре берісіне ұлттық киім киіп келушілерді ізетпен күтіп алған дистанциялықтар мерекені ерекше форматта өткізді. Жеті түрлі дән қосылып әзірленген Наурыз көжеден ауыз тиген дистанциялықтар, бір-біріне құттықтау лебіздерін айтып, жаңа күннен жаңалық күтумен бірге ортақ мәселе қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуын тілге тиек етті.  

– Дистанцияның басшылық құрамы өз ізбасарларынан құрама команда даярлап ұлттық спорт түрлерінен сайысқа түсті. Арасында әр құрамаға өз өнерлерін көрсетуге мүмкіндік берілді. Арқан тарту, қол күресі, кір тасын көтеру және ләңгі тебуден жарыс ұйымдастырылып, үздіктерге бағалы сыйлықтар берілді. Барлық жаңалықтың жаршысы наурыз мерекесінде әріптестеріміздің тұнық ой, жаңа күш, соны серпінмен жұмысқа құлшынысын арттыру үшін наурыз дастарханына жиналдық. Бір-бірімізді көріп қуанышымызбен бөлістік. Достық сайысында күш сынасқан әріптестер күн мен түннің теңесер тұсында өткізілген ұлттық мерекеде барлық ұпайды жинақтап өзара ымыраласқан дистанциялықтар достық атты қымбат ұғымды жеңіс тұғырына шығарды, – деді кәсіподақ ұйымының төрайымы Ғалия Қожахметова.

Бөлімшенің басшылық құрамының келесі аялдамасы Қызылорда станциясы болды. Мұнда станция басшысы Қайрат Төрединовтың басшылығымен станцияның зейнеткерлері мен ұжымдастарына наурыз көже әзірленіп, мерекелік дастархан жайылыпты. Мұнда да әріптестерін Наурыз мерекесімен құттықтаған басшылық құрам биылғы жылды қозғалыс қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтап тосын жағдайсыз өткізуге шақырды.

Станциялықтар өткізген Наурыз тойының, екі дистанциядағыдан еркешелігі мұнда, станция кезекшілері ағайынды Құрманғазиев Рүстем мен Дастанның аға мен іні болып айтыс ұйымдастыруы болды. Кәнігі аузы алты қарыс ақындардай жыр маржанын төккен қос ақынның өнеріне әріптестері тәнті болып,  қол соғып ризашылықтарын білдірді.

Мұнан кейін Марат Оңалов басқаратын Қызылорда жол дистанциясының ауласына келіп Компанияның қауіпсіздік департаменті Қызылорда учаскесінің бас ревизоры Алмат Молдашевтың көшет отырғызу сәтіне куә болдық.  

Бұған дейін аймақтың теміржолшылары тарапынан тігілген көшеттер бой түзеп, аллеяға айналғалы әдемі өсіп келеді екен. Бұл да бір жақсы дәстүр екенін түйсінген теміржолшылар шатырларда жайылған наурыз көжеден дәм татты. Жолшылардың дастарханына шақырылған зейнеткерлердің игі тілегін тыңдап, өнегелі сөзінен сусындаған дистанциялықтар олардың батасына алды. Мереке барысында дистанцияның өркендеуіне сүбелі үлес қосып жүрген озаттар марапатталды.

– Наурыз мерекесіне орай үздік жолшыларға дистанция басшылығы мен кәсіподақ ұйымы төрайымының құрмет грамотасы мен алғыс хаты 25 теміржолшыға табысталды. Техникамен жұмыс жасайтын жолшылардың бірде болмаса, бірде кемшілікке жол беріп қойып басшылық тарапынан жазаға тартылатын белгілі. Бүгінгі мерекеге орай ол жазаның түгелі алынып тасталды. Арнайы шақырылған мәдениет ошақтары қызметкерлерінің ән-күйі мерекені айшықтап жолшылар қауымына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Өнер өкілдерінен қалыспай өздерін жаңа қырынан таныта білген дистанция теміржолшылары да әріптестерінің көзайымына айналып, құрметке бөленді, – деді дистанцияның кәсіподақ ұйымының төрайымы Ғалия Ноғайбаева.

Наурыз мерекесінде ұйымдастырылған ұлттық ойындар қорытындысында арқан тарту сайысында дистанцияның техникалық бөлімі 1-орын, ПчУ 2-орын алса транспорт бөлімі жүлделі үшінші орынды иеленіп сыйлыққа ие болды. Қол күресінен Елжан Ноғайбаев, Абай Асанхан Спанов, Нұрсұлтан Қарақұловтар құрметке бөленді. Кір тасын көтеру жарысында да жолшылардың осал еместігі байқалды. Сонымен қатар дистанция бастығының атынан тігілген бір қап сыр күрішін ардагер теміржолшылар қанжығасына байлап жастарға үлгі көрсете білді.

Мерекелік дастарханға жиналған теміржолшылар бір-бірін ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтады. Теміржол саласының даму мен өсіп-өркендеуіне қосқан ерекше үлестері үшін бір-біріне алғыс білдірді.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады