Маңғыстауда күнде думан, күнде той

Аймақтар
20.03.2023, 13:15
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Көрісу күнінен бері Маңғыстауда күнде думан, күнде той. Ұжымдар  мерекелік дастархан жайып, бір-бірін қонаққа шақырып, халқымыздың дархан пейілі мен ауызбіршілік үлгісін көрсетуде. Өткен аптада да бірнеше теміржол мекемесінде Ұлыстың ұлы күніне орай ұлттық дәстүрлер ұлықталған нағыз өз нақышындағы Наурыз мерекесі ұйымдастырылды.  

Маңғыстау қосалқы бөліміне қарасты вагон пайдалану депосы мен Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің байланыс және белгі беру дистанциясының ауласына ақ шаңқан киіз үйлер тігілді. Қос ұжымда дүркіреген думанды той өтті.  Деподағы Наурыз салтанатына ұжым ардагерлері де келіп, ақ тілегін айтып, кештің қадірлі қонағы болды. Наурыз көже құйылып, қазы-қарта мен құрт-ірімшік сияқты дәруменді ас-тағамдарымыз толған берекелі дастархан басында мерекелі кеш болды. Білекті теміржолшылар қол күрестіріп, гір тасын көтерді. Епті жігіттер ләңгі теуіп, бірлесе арқан тартысып, спорттық ойындардан күш сынасты.  

– Мерекені жоғары деңгейде, көтеріңкі көңіл-күймен атап өтуге жұмысшылардың барлығы атсалысты. Бірі көрініс қойса, басқасы билеп, ән айтып, тамақ пісіріп, қызмет етті. Сайыстарға да зор қызығушылықпен қатысты. Спорттық ойындардың үздіктеріне кәсіподақ ұйымының қаржылай қолдауымен диплом, бағалы сыйлықтар табысталды, – дейді Маңғыстау вагон депосы кәсіподақ ұйымының төрағасы Әділет Байсеитов.                

Дистанция ауласында бой көтерген қазақтың қара шаңырағында да ұлттық тағамдар ортаға қойылып, салт-дәстүр көріністерінен қойылымдар болды. Келіншектер бешпент-камзолын киіп, ақ орамалы мен сәнді әшекейлерін тағып, қазақ келіндерінің киім үлгісінен жарысқа түсті. Бірінші орынды лездеме байланыс вагон жолсерігі Баян Қосаманова, екінші және үшінші орындарды Өзен байланыс электромеханиктері Гүлпері Қадырова, Болған Төреғалиева алды. Жасы үлкен апалар бөбекті бесікке салу дәстүрін көрсетіп,  баланың тұсауын кесті. Ер азаматтар жағы спорттық ойындардан бақ сынасты. Қол күресті, гір көтерді, ләңгі теуіп, арқан тартты. Ләңгіні жерге түсірмей тебуде зейнеттегі теміржолшы Ялит Кемелхан алдына жан салмай, жеңімпаз атанды. Қол күресінен  автокөлік және механикаландыру бригадасының ССПС жүргізушісі Талғат Демеген мықты шықты. Жұртты шаңына ілестірмей, 24 келі гір тасын қаңбақша көтеріп ойнатқан автокөлік және механикаландыру бригадасының дәнекершісі Жетпісбай Колбаев болса, оның бригадасы арқан тартысуда бәрінен үстем шықты. Жеңімпаздар кәсіподақ ұйымы тарапынан марапаттарға ие болды.  

 

Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды