Наурыз мейрамын бір шаңырақ астында қарсы алды

Аймақтар
23.03.2023, 13:10
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Күн мен түн теңелетін ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін қызылордалық теміржолшылар қос бөлімшені біріктіріп бірге атап өтті. Қызылорда жол бөлімі мен Магистральдық желі бөлімшелерінің басшылығы мен кәсіподақ ұйымдарының ұйымдастыруымен ғимарат ауласына он алты қанат киіз үй тігіліп наурыз көжеден теміржолшыларға дәм татқызып, ардагерлердің батасын алды.  

Қызылорда қосалқы бөлімінің басшысы Батырхан Базарбаев, Магистральдық желі бөлімшесінің бастығы Ибраким Басықараев, «Қазкөліккәсіп» ҚБ филиалының төрағасы Бауыржан Ахметов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Сисенбі Шермаханов, қосалы бөлімінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Мұхтар Көпірбаев, магистральдық желі бөлімшесі кәсіподақ ұйымының төрайымы Ажар Ермановалар наурыз дастарханында әріптестерімен бірге сала ардагерлерінің бата-тілектерін алып, әріптестерінің алғысына бөленді. Жалпы Наурыз дастарханында ең игі тілектерін бір-біріне арнаған теміржолшылар бұл жылды қозғалыс қауіпсіздігінің қатаң сақталып, тосын жағдайсыз өткізу үшін ынтымақтасып жұмыс жасауға шақырды.

– Наурыз мерекесі секілді атаулы күндерді атап өту шараларын өткізуге елдегі төтенше жағдайларға байланысты шектеу қойылғаны бәрімізге белгілі. Биылғы мерекені екі бөлімше теміржолшылары бірігіп, бір шаңырақ астына жиылып атап өтіп жатырмыз. Бөлімшелер басшылығы мен кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен өткізілген шараға ардагерлерді шақырып, олардың батасын алдық. Зейнеткерлер әріптестеріне ағалық кеңестерін айтып, аймақ теміржолының абыройын асқақтата беру үшін баталарын берді. Бөлімше жастары ұлттық ойындар өткізіп, кәсіподақ ұйымы тарапынан дайындалған сыйлықтарға ие болды, – деді Қызылорда қосалқы бөлімінің кәсіподақ ұйымы төрағасы Мұхтар Өмірзақұлы.

Наурыз мерекесін атап өту кезінде әріптестерін өз өнерімен тәнті етіп, мерекені айшықтай түскен теміржолшылар аз болған жоқ. Олар командаға бөлініп арқанды да тартты, қол күшін де сынға салды, кір тасын да көтерді. Кір тасын 73 мәрте көтерген Еркебұлан Сүлейменов, 92 рет басынан асырған Нұрлан Есеналиев, кір тасын 93 рет еркіне бағындырған Әмір Құлмырзаевтар өз ара жүлдені бөлісіп кәсіподақ ұйымдары тарапынан әзірленген сыйлыққа ие болды. Қызылорда қосалқы бөлімнің бас инженері Күлхан Белкібаев, Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі бастығының орынбасары Ғалымжан Жұмағұлов пен бас инженер Берік Бекжановтар әріптестеріне қолдау білдірді. Кей сәттерде командалар сайысының көрігін қыздыра түсіп әріптестер сайысына қатысып, демеу болды.

Арқан тарту мен кір тасын көтеруден жарысқа түскен теміржолшылар ендігі кезекті білек күшін сынға салып қол күрестіру сайысымен жалғастырды. Сынға түскендер арасынан М.Жақанов, Н. Есеналиев пен Е. Сүлейменовтер қарсыластарынан айласын асыра білді. Білек күшімен талай әріптесін тұқырта жыққан жеңімпаздарға да кәсіподақ атынан әзірленген бағалы сыйлықтар сыйға берілді.

Наурыз мерекесінде командалық бірлік пен ауызбіршілікті ту еткен жарыстарда сынға түскен теміржолшылардың барлығына бөлімше басшылығы мен кәсіподақ ұйымдары атынан алғыс айтылды.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады