Қызылордалық теміржолшылар сергіту жаттығуларын қолға алды (Фото)

Аймақтар
12.04.2023, 11:18
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда қосалқы бөлімінің спорт секторлары кеңсе қызметкерлерінің жұмысқа құлшынысын арттыру үшін сергектік жаттығуларын жүргізуді қолға алды.  

Олар таңертеңгілік жұмыс алдында спорттық жаттығулардан кейін бөлімшелердің әр бөлімін аралап сергектік жаттығуларын өткізуде. Бір апта бұрын қолға алынған бұл бастаманы теміржолшылар да құп көріп жаттығуға атсалысуда. Теміржолшыларды сергітіп, олардың жұмысқа деген құлшынысын оятуға мұрындық болып жүрген бөлімнің спорт секторы Бақытжан Имбергенов. Оның айтуынша, жаттығуларды өткізуге бөлімше мен «Қазкөліккәсіп» ҚБ филиалы мен бөлімшелердің кәсіподақ ұйымдары басшылығы келісім берген.

– Жұмыс алдындағы спорттық жаттығуларды бөлімшенің дәлізіне жастарды жинап, өткізуден бастадық. Одан кейін әр бөлімдегі жұмыс кабинеттерінде де жаттығу ұйымдастырдық. «Жаны саудың тәні сау» дегендей таңертеңгілік жаттығуды әркім үйінде жасап келгенімен жұмыс орнында, ұжыммен өткізген сергіту жаттығуының әсері бір бөлек. Жаттығуден кейін теміржолшылардың жұмысқа деген серпілісі арта түсері сөзсіз,  – деді Б. Имбергенов.

Көптен бері мұндай жаттығу өткізілмей кеткендіктен алғашында тосырқай қараушылар да болған, күн өте жаттығу жасауға теміржолшылар бейімделіп, белсенді қатысуда. Алдағы күндері бұл жұмыстар Қызылорда станциясындағы салалық мекемелерде де өткізіледі.

Кәсіподақ ұйымы мен бөлімшенің белсенді жастары теміржолшылардың спорттық жаттығуға деген қызығушылыған ояту үшін бір түсті киім киіп жаттығу өткізді. Соның нәтижесінде барлық бөлімдерде жаттығу өткізу жұмыстары жалғасын тапты.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады