Атырау темір жолында қондырғылар жаңартылып жатыр

Аймақтар
18.04.2023, 11:16
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау – Ганюшкин теліміне қызмет көрсететін Атырау белгі беру және байланыс дистанциясы еңбек қауіпсіздігін сақтау, өндірістік жарақатты болдырмау, рационализаторлық қызметті жандандыру бойынша оң нәтиже көрсеткен.

Әрине, байланыс қалыпты болу үшін қондырғылар мен құралдар, оларға қажетті қосалқы бөлшектер уақытылы жаңартылып, ауыстырылып отыруы тиіс. Дистанция директоры Ербол Нұрмановтың айтуынша, биылғы жылға жабдықтар әлі келе қойған жоқ, ал өткен жылы бірқатар жұмыстар жүргізілген. Ең алдымен бағдаршамдар жұмысына көңіл бөлініп, былтыр ескірген шамдар үш фазды 46 шамға және 200 жарықдиодтты модульдерге ауыстырылған. Ганюшкино, Махамбет, Исатай, Аққыстау, Тұманды, Д.Нұрпейсова, т.б. станция-разъездерде релелік шкафтар, ТШ-2000 релелері жаңа типті ТШ-65-ке, жерүсті кабельдері жерастына ауыстырылған.  

Соңғы технологияларға сай бұрынғы КТСМ қондырғылары жетілдірілген КТСМ-02 қондырғысымен жаңартылды. Жаңа жүйеге сәйкес, жол бойындағы барлық жағдай станция кезекшісінің таблосында көрсетіліп тұрады да рельсте қатты үйкеліс болып қызып келе жатса, не басқа да жағдайда белгі автоматты түрде беріліп отырады. Сонымен қатар СП түріндегі бұрма электржетектер, 36 дана электр қозғалтқыштар жаңасына ауыстырылды.  

Өткен жылы дистанция СОБ, байланыс, КТСМ және радио қондырғыларға техникалық қызмет көрсету бойынша жоғары баға алып, ақау болмаған. Бүгінгі таңда барлығы 15 станция, 10 өткел және 5 диспетчерлік айналымға қызмет көрсететін дистанцияның аудандық тораптарын қосқанда 28 цехы бар. 15 станцияның бәрі электрлендірілген орталыққа қосылған. Өңірде барлық қызметтер цифрландыруға көшуіне байланысты станциялар ЛАЗ жүйесіне модернизацияланып, Raisecom RS3000-15 жүйесіне – яғни жабдықтардың жағдайы мен апатты жағдайларды шынайы көрсетіп отыратын және оларды қашықтан басқару жүйесіне көшкен. Атырау станциясынан Ганюшкино станциясына дейінгі жол телімі ВОЛС желісіне қосылып, ақпаратты үлкен көлемде және шұғыл беруге жағдай жасалды.  

Атырау-Қиғаш телімінің Афанасьев, Аққыстау, Исатай, Д. Нұрпейсова, Қызылжар, Бақсай бекеттерінде бағдаршамдардың көрінісін және пойыздар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ЖС-12/12, ЖС-12/25 шамдарын жарық диодты ССС шамдарына ауыстыру жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, Мақат, Доссор, Карабатан станцияларының перрондарына 60 дана жарықдиодты шамдар орнатылды. Жарықдиодты шамның станциялардың қозғалыс және еңбек қауіпсіздігіне пайдасы зор.  

Сонымен қатар, 2022 жылдың 3-ші тоқсанына жоспарланған Атырау-Қиғаш телімінде Аққыстау, Исатай, Афанасьево бекеттеріне пойыз қозғалысы кезінде жылжымалы құрамның техникалық жағдайын автоматты түрде бақылауға арналған 6 дана жаңартылған контейнерлік техникалық жабдықтар кешенінің жүріс модульдерін орнату бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.  

Атырау-Ақсарай учаскесінде диспетчерлік орталықтандыру қондырғысы түбегейлі жаңартылып, нәтижесінде байланыс бұрынғыдан әлдеқайда жақсарып, енбек үдерісінің үдеуіне жағымды ықпал етуде.  

 

Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл