Теміржолшылар білім-білігін ортаға салды

Аймақтар
12.05.2023, 14:36
Суреттерді түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда локомотив пайдалану депосында «Ең үздік еңбек қауіпсіздігі, еңбек қорғау инспекторы» тақырыбында өткен байқауға  Сексеуіл мен Шорнақ станциялары арасында мекемелердің еңбек қорғау инженерлері мен еңбек инспекторлары қатысты.    

Теміржолшылардың білім-білігін ортаға салған сайысқа төрелік жасаған Қызылорда қосалқы бөлімінің еңбекті қорғау және экологиялық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Ғалия Көпжасарова мен бөлімнің кәсіподақ ұйымы төрағасы Мұхтар Көпірбаев, Қызылорда локомотив пайдалану депосы бастығының орынбасары Қанат Камилаев пен Әзімхан Жиенбаев ең үздік еңбек қорғау инженерін  анықтады.

Қызылорда қосалқы бөлімінің «НОД-ГП», Сексеуіл локомотив пайдалану депосының «ТЧЭ-36», Қазалы вагон пайдалану депосының «ВЧД-6» және Қызылорда локомотив пайдалану депосының «ТЧЭ-34» командалары осынау үздік аталымға таласып, еңбек қорғау тақырыбында бақ сынасты. Конкурстың әр турында командаларға түрлі тақырыпта сауал беріліп, ең дұрыс әрі толық жауапты сараптап, таңдап, ұпай беру төрелік жасаушы қазыларға да оңай болған жоқ.

– Байқауға қатысушыларға төрт турдың ерекшеліктеріне қарай сауалдар беріледі, ең үздік, дұрыс әрі толық жауап берген командаға жоғары ұпай беріледі. Әрине, үздіктер сайыс қорытындысына орай анықталмақ, – деді еңбекті қорғау және экологиялық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Ғалия Көпжасарова.

Конкурстың төрт турында түрлі ситуациялық жағдайлар, олардан шығу жолдарының бірнеше нұсқасы ұсынылып, тура жауап берген командаға жоғары балл қойылды. Еңбек қорғау ережелеріне қатысты сауалдар, суреттен кемшілікті анықтау, тест сұрақтары мен блиц турнир форматындағы сайыс сынақтарының  әрқайсысына берілген жауаптар сарапталып, үздік команда мен үздік еңбек қорғау инженерін анықтауға ұзақ уақыт кетті. Командалардың бәрі де сауаттылық танытты, ал жекелей сынға түскен инженерлердің барлығы жауап беру кезінде өз мамандығын терең әрі кәсіби деңгейде меңгергендіктерін дәлелдей білді.   Сондықтан кеңесе келе қазылардың шешімімен төрт құрама команда да үздік деп танылды және бәрі де жүлдесіз қалмады.    

– Бөлімшедегі осындай конкурс, семинарлар, өзге де танымдық шаралар теміржолшылардың кәсіби деңгейін жетілдіріп, тәжірибе арттыруына әсер етеді. Бүгінгі конкурста еңбек қорғау тақырыбында мол мағлұмат алдық, – деді «НОД-ГП» құрама командасының мүшесі, инженер Динара Оразалиева.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады