Нағыз теміржолшы еді...

Аймақтар
09.06.2023, 11:41
Оқуға 2 мин
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының ұжымы Әкімжан Сағидрахманұлы туралы «Нағыз теміржолшы болып туған жан еді» дейді бірауыздан.

Осыдан тура бір жыл бұрын кенеттен дүниеден өткен Құрметті теміржолшы Әкімжан Қосанов өмірінің соңғы 12 жылында осы ШЧ-39 мекемесін басқарған. Ұзақ жылғы бейнетінің зейнетін көретін жасқа енді жеткенде кенеттен жүрегі сыр берген аптал азаматтың қазасы оны білетін барша теміржолшы қауымға, әсіресе бір отбасыдай болған әріптестеріне ауыр тиген.  

Әкімжан Сағидрахманұлы 1959 жылдың 17 желтоқсанында Қызылорда облысы Арал ауданы Сапақ станциясында теміржолшы отбасында дүниеге келген. Әкесі Сағидрахман Қосанов та кезінде Құрметті теміржолшы атанған мықты сала маманы болды. Ата-анасының тұңғышы Әкімжан өзінен кейінгі алты іні-қарындасының қамқоршысы болып ерте есейіп, еңбекке де ерте араласқан екен. Еңбек жолы теміржолдың ең төмен сатысы – монтер, механиктен басталып, барлық кәсіби әрі басқарушы деңгейден өтіп, мекеме басшысы дәрежесіне дейін өскен. Алматы теміржол инженерлері институтын үздік тәмамдаған.  

– Әкімжан Қосановтың жарқын бейнесі көз алдымызда, білімді де білікті басшы, істің көзін таба білетін мықты ұйымдастырушы еді, ұжым алдындағы абырой-беделі өте зор болатын. Адамгершілігі мен сыйластығы ерекше, қайырымы мол азамат ретінде мәңгілік жүрегімізде сақталады, – дейді ШЧ-39 кәсіподақ ұйымының төрайымы Ғалия Қожахметова.  

Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясын басқарған жылдары ұжым салалық жарыста талай рет топ жарған, ал Әкімжан Сағидрахманұлы өткен жылы «Үздік басшы» атағын иеленген еді деп еске алады әріптестері.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды