Ең қысқа толаскез

Аймақтар
20.07.2023, 12:20
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральды желі бөлімшесіне қарасты Марат Оңалов басқаратын Қызылорда жол дистанциясының теміржолшылары Белкөл станциясында 20 минуттық толаскез алып, межеленген жұмысты сәтті орындап шықты.  

Пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауды арттыру мақсатында аймақ жолдарының технологиялық талаптарға сай болуына жауапты жол дистанцияларының жұмысшылары үшін күннің аптап  ыстығы да кедергі емес.   Белкөл станциясының солтүстік алқымында жұмыс жасап жатқан Қызылорда жол дистанциясы 1-телімінің жол жөндеушілері  жол шебері Рахат Әлжановтың басшылығымен станцияның 2-жұп жолындағы 10-бағыттамалық бұрманың СПК рельсін ауыстырып жатыр.  

– Бүгінгі жұмысты арнайы берілген ескертпе бойынша орындап жатырмыз. Барлық жұмысты алдын ала дайындап алып, небәрі 20 минуттық  толаскез ішінде ауыстырып бітуіміз керек. Міне, 11 сағат 52 минутта басталған толаскез санаулы минуттардан соң,  12 сағат 12 минутта нәтижелі аяқталып жатыр. Осы уақыт ішінде 8 метр және 7,45 метрлік екі СПК рельсі ауыстырылды. Пойыздардың өткізілуіне кедергі болған жоқ. Жолшылар бригадирі Серікбай Жұмағұлов пен жол жөндеушілер Бақытжан Ақбалаев, Қазбек Жүсіпалиев, Айдар Баймұратов, Ерболат Тұранов, Орынбасар Атабаевтардың еңбегіне алғыс айтамын,  – деді жол шебері Рахат Әлжанов.

Жылдам қимылдап, әрқайсысы өзіне тапсырылған жұмысқа жұмылған жолшылар қимылына көз ілеспейді. Ағымдық жол жөндеу жұмысы бағыттамалық бұрмада жасалып жатқандықтан мұнда қойылған электрожетектің қалыпты жұмысы бұзылмауына Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының электромеханигі Мақсұт Пахрадин бас-көз болып, жұмыстың технологиялық талап деңгейінде жасалуын қадағалауда.

Жолшылардың жол жөндеу жұмыстарына қажетті құрал-саймандары жеткілікті көрінеді, маусымдық киімдері мен ыстықтан қорғанатын заттармен жеткілікті қамтамасыз етілген.    

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады