Қауіпті кәсіп иелері

Аймақтар
27.07.2023, 14:58
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясында тәжірибелі мамандар еңбек етеді.  Қуат көзімен жұмыс істейтін  ең қауіпті кәсіп иелері үшін әрбір жұмыс күнінің  тосын жағдайсыз өтуі маңызды.   

 

Жыл басынан бергі атқарылған жұмыстар нәтижесіне шолу жасаған Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясы басшысының орынбасары Алмат Жүсіпбеков тәжірибелі мамандардың өзі тоқ көзі құрылғыларымен  тек «сіз» деп сөйлесіп, абайлап әрекет жасайтынын жеткізді.  

«Онсыз болмайды, жоғары кернеулі электр қуаты жүретін тоқ бойы қауіп-қатерге толы, мүлт кетсең бітті... Сондықтан бізде қауіпсіздік тақырыбы күн тәртібінен түскен емес, техникалық сабақтарда да ұдайы қайталанып айтылып, кез-келген жұмысшы ережені жаттап алуы талап етіледі», – дейді ол.    

Дистанция телімдеріндегі СОБ құрылғыларының электр қуатының болмауынан жұмыстан тыс қалуы жарты жылда 5 рет қайталанып, сигналдардың жабылып қалуы 2 рет орын алған.  Себеп салдары анықталып, құрылғыларға ағымдық күтім жасаудың кешенді шаралары жүргізілуде. Жыл басынан бері автобұғаттау жоғары желілерінің 400 шақырымына жоспарланған ағымдық жөндеу жұмыстары жасалып,  бүгінгі таңда оның 360,9 км аяқталған.  Желілердің 60 ағаш бағанасы  мен 120 дана оқшаулағыш ауыстырылып,  бағаналар күшейтілген.

Желілердің тоқ өткізу қабілетін күшейту үшін 0,3 шақырым аумақтың кабельдері жаңартылған.Төменгі вольтты әуе желісінің 0,54 шақырымына ағымдық күтім жасалған. Дистанция электромеханиктері мен монтерлері күнделікті желі бойын жағалап, тоқ көзін таратушы нысандардың кідіріссіз жұмыс жасауын қамтамасыз етеді.

– Метеорологиялық ауытқуларға байланысты орын алуы мүмкін апаттарды телімдер электр қуатынсыз қалмауы үшін дизель-генераторлардың қолданысқа дайын тұруын назарда ұстаймыз, – деді Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясы басшысының орынбасары Алмат Жүнісбеков.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады