Қызылорда қосалқы бөлімінен 68 теміржолшы марапатқа ие болды

Аймақтар
08.08.2023, 10:17
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Көлік қызметкерлері күні Түркістан мен Сексеуіл-Қоскөл станциялары арасында еңбек етіп жүрген әріптестерімен мәжіліс залында кездескен аймақтың бас теміржолшысы Батырхан Базарбаев тағдырын тәулік бойы тынымсыз еңбекке арнаған теміржолшылардың ерен еңбегіне шын көңілден алғыс айтты.

Қызылорда қосалқы бөлімінің алғашқы жартыжылдықтағы нәтижелеріне шолу жасаған Батырхан Бақытбекұлы жылжымалы құрамдардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауды арттыруға бағытталған шараларды да тілге тиек етті.  

Үздіктерді марапаттауға кезек келіп, Сексеуіл локомотив депосының нұсқаушысы Мұхтар Игіліков пен Сексеуіл станциясын басқарған теміржолшы Сапарғали Салмаевқа «Құрметті теміржолшы» төсбелгісі тағылды. «Адал еңбегі үшін» төсбелгісі Қызылорда станциясы жүк кеңсесі бастығы Гүлнәр Мұсаева мен Арал теңізі станциясының пойыз құрастырушысы Әлімбай Бисембаевтың кеудесінде жарқырады. Сонымен қатар өндірістік оқыту шебері Базаркүл Қалымбетова, инженер-технолог Әділбек Жалымбетов, локомотив слесарі Айнабек Түктібаев, таспа талдаушы Шәкіржан Қарақұлов, вагон қараушы Сеитқали Алпысбаев пен Шанжархан Сарманов «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталды.  

Жалпы «ҚТЖ-ЖТ» ЖШС «Батыс» филиалы Қызылорда қосалқы бөлімінен 68 теміржолшы түрлі деңгейдегі марапатқа ие болды. Олар – аймақ теміржолының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген теміржолшылар.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды