Атырау магистральдық желі бөлімшесі салалық жарыс жеңімпазы

Аймақтар
17.08.2023, 11:20
Оқуға 3 мин
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау магистральдық желі бөлімшесі өндірістік, шаруашылық, қаржылық және кадрлық қызметте, сонымен қатар пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін өткен жылдың қорытындысымен салалық жарыста жеңімпаз атанып, 2-ші дәрежелі дипломмен марапатталды.  

Атырау жүк тасымалы бөлімшесі бастығы Аслан Базарғалиев ұжым басшысына дипломды табыс етіп, ортақ мүдде жолындағы еңбектеріне табыс тіледі. Бөлімше өткен жылы салалық жарыстың көптеген көрсеткіштері бойынша жоғарғы балл жинаған. Яғни бөлімше бойынша өндірісте күрделі ақауларға жол берілмеген, өндірістік жарақат алу жағдайлары, аппаттық жағдайлар болмаған. Биылғы жылы да өндірістік көрсеткіштермен алда келеді.

Бөлімше басшысының міндетін атқарушы Амангелді Рахмиденовтің мәлімдегеніндей, ұжымда білім мен біліктілікке үлкен мән беріліп, мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында жоспарлы техникалық сабақтар үнемі жүргізілуде.  

– Сонымен қатар түрлі жағдайлар мен оқыс оқиғаларға байланысты жеделхаттар уақытылы оқытылып, келесі кезекте мұндай жағдайлардың қайталанбау мақсатында жұмысшылардың білім деңгейін көтерудеміз. Техникалық сабақ барысында қысқаметражды бейнероликтер, ситуациялық схемалар міндетті түрде жұмысшылар назарына ұсынылады. Айта кетерлігі, бүгінгі таңда бөлімшеде екі мыңнан астам адам қызмет етеді, ұжым қызметкерлерінің тарапынан еңбек және технологиялық тәртіпті бұзу оқиғасы тіркелген емес. Өндірістік жұмысты орындау технологиясы, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасының талаптары қатаң сақталады. Осы еңбектері бағаланып, бөлімше өндірістік-қаржылық қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз еткені үшін салалық жарыстың жеңімпазы атанып отырмыз. Бұл біз үшін үлкен мерей, – дейді ол. Осындай жетістіктері үшін жұмысшыларға үстеме сыйақы төленеді.  

Әрине, қозғалыс қауіпсіздігін сақтау, станциялардың өткізу қабілетін, пойыздар жүрісінің жылдамдығын арттыру үшін жол сапасы жақсы болуы шарт. Сол бағытта, бөлімше бойынша биығы жылға арналған жоспарға сәйкес аймақта 99,97 шақырым жол күрделі жөндеуден өтетін болып бекітіліп, қазіргі уақытта оның 80 шақырымы салынып бітті. Соның ішінде Құлсары жол дистанциясы бойынша Қоркөл-Рзд-464 аралығында белгіленген 31,5 шақырым жол түгелдей салынып бітіп, пайдалануға берілді. Жалпы Құлсары дистанциясы бойынша былтырғы жылы да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Атап айтқанда, Құлсары-Бейнеу телімінің 465-Опорная-464 бекеттері аралығында жоспарланған 35,446 шақырым жол, Құлсары-Мақат телімінің 470-469-Шоқпартоғай-Құлсары бекеттері аралығында 28,020 шақырым жол да күрделі жөндеуден өтті. Нәтижесінде Құлсары-Бейнеу телімінің күрделі жөндеуден өткен жолдарында енді жолаушы пойыздарына 120, Тальгоға 140, ал жүк пойыздарына 100 шақырымға дейін жылдамдыққа рұқсат етілген.

Осы және басқа да жетістіктері үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ шешімімен 2022 жылғы салалық жарыстың қорытындысы бойынша Құлсары жол дистанциясының ұжымы 1-ші дәрежелі дипломмен, ал оның басшысы Рақымжан Көрпебаев ұжымда бірлік пен біліктілікті нығайта алғаны үшін «Үздік басшы» белгісімен марапатталды. Р.Көрпебаев еңбек жолын жол жөндеуші болып бастап, жол шебері, телім басшысы, бас механик, станция бастығының орынбасары сынды еңбек жолынан өткен тәжірибелі жолшы. Айта кетсек, Құлсары жол дистанциясы Мақат-Бейнеу аралығындағы 1335 шақырымнан 1040 шақырымға дейін 296 шақырымды қамтиды.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды