Өрт сөндіру пойызының мамандары біліктіліктерін шыңдады

Аймақтар
21.08.2023, 12:09
Суретті түсірген автор
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Биыл жазғы маусым Тараз станциясындағы өртке қарсы пойызының ұжымы үшін тыныш өтті. Түлкібас – Жамбыл, Жамбыл – Жаңатас, Жамбыл – Түрксіб аралығындағы телімге қызмет көрсететін өртке қарсы пойызының сарбаздары жыл басынан төрт оқу-жаттығу шарасына қатысты.

–  Бүгінгі күні станциялар мен телім, вокзалдарда өртке қарсы шараларынан бөлек терроризмнің алдын алу бойынша да жаттығуларға қатысамыз. Станцияда тұрған пойыз құрамындағы  үш цистерна әрқайсысы 50 тонна сумен дайын тұр. Цистерналар  2020 жылы деполық жөндеуден өтіп, пайдалану мерзімі 2025 жылға дейін ұзартылды. Ал қызметкерлерге арналған вагон 2022 жылы күрделі жөндеуден өтіп, оның жарамдығы 2033 жылға дейін созылған. Вагон су шашатын насос, электр маторы техникалық және жарық беретін құрылғылармен түгел жабдықталған. Жаздың аптап ыстығында желдеткіші бар, қыс маусымында жылы. Қазір күзгі комиссиялық байқауға дайындықты бастадық, – дейді Тараз станциясындағы өртке қарсы пойызының бастығы Марат Керімқұлов.

Болат жолда 46 жыл еңбек етіп келе жатқан Марат Әбенұлы Республика күніне орай «Ерен еңбегі үшін» медаліне ұсынылып отыр. 16 жасында Алматы темір жолы  Жамбыл бөлімшесіне қарапайым жұмысшы болып кірген ол 1989 жылдың желтоқсан айына дейін әртүрлі жұмыстар атқарған. 1989 жылы Түрксіб станциясындағы өртке қарсы атқыштар Жамбыл отрядына ауысып 1992 жылға дейін сарбаз, 1995 жылы қарауыл бастығы болады. 2000 жылы Түрксіб станциясындағы өртке қарсы пойызына өрт сөндіруші және осы жылы Тараз станциясындағы өртке қарсы пойызы бастығының орынбасары болып ауысады. Ал, 2013 жылдан бері пойыз бастығы.

–  Біздің әулетті – Теміржолшылар династиясы десе болады. Әкемнің үлкен әпкесі Зияда Керімқұлқызы Жамбыл локомотив пайдалану депосында кір жуушы, екінші әпкесі  Саракүл Түрксіб станциясында жол мантері болған. Әкем Әбен Түрксіб станциясында машинист болған. Анам Күлімхан осы станцияда киім тігуші болып еңбек етті. Енді біздің жолымызды балаларым жалғап отыр. Қызым Қ. Байсейітова Жамбыл бөлімшесінде материалдық есепші, үлкен ұлым Марат «Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорнында» рельс тасымалдаушы. Екіншісі Бақытжан Түріксіб станциясында пойыз құрастырушы. Енді немерелерім аталарының жолын жалғаса, ол маған мақтаныш, – дейді Марат Керімқұлов.

Мекемеде 12 қызметкер, 3 диспетчер бар. Олардың барлығы бейсенбі күні техникалық оқуға қатысып, 24 сағат дайындықта тұр. Ауысыммен жұмыс істейтін қызметкерлерді дабыл қағылғанда пойызға жеткізетін УАЗ «Фермер» көлігі де жаңа. Биыл сегіз маман біліктіліктерін көтерсе, соңғы 15 жылдың көлемінде өндірістік жарақат алу оқиғасы болмаған.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады