Жамбылда жоспарлы жұмыстар жасалды

Аймақтар
28.08.2023, 13:34
Оқуға 1 мин
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Биылғы жазда Жамбыл өңірінде таулы аймақтарда өрт болғанымен, тілсіз жау болат жолдың бойына жақындай қоймады. Бұл мақсатта Алматы екпе ағаштар дистанциясына қарасты Жамбыл учаскелік телімінің мамандары өздеріне тиісті жұмыстарын тыңғылықты атқаруда.  

Темір жол бойын тазартып, табиғи факторлардан қорғайтын тал-дарақ отырғызып,  оның күтімімен айналысып, оттан қорғау үшін күзде жол жиегін жыртып дегендей қыруар жұмыспен айналысатын бұл дистанцияның қызметі осал емес. Жамбыл учаскелік телімі Жамбыл және Түркістан жол бөлімшелері бойынша биыл да жоспарлы жұмыстарын ойдағыдай атқарды.  

– Биыл бірталай жоспарлы жұмыстар жасалды. Жол бойын өрт қаупінен қорғау үшін болат жолдың екі шетін ала, арасына белгілі интервалдық қашықтықпен 1596 гектар жыртылуы керек болса, бүгінгі күні ол 970 гектарға орындалды. Сонымен қатар ағаштардың төбесі мен қураған бұтақтары кесілді. Оның жоспары 180,3 гектар болса, орындалғаны – 117,3 гектар. Жұмысшылардың жүріп-тұруына бір «КАВС» автобусы, бір дана «Фермер» УАЗ көлігі және жер жырту жұмыстарына бес трактор қызмет етеді, – дейді Жамбыл учаскелік телімінің бастығы Айдос Асабаев.

Мекемеде 45 жұмысшы бар. Олар көктем, күз бен жаз  айларында  жоғарыдағы жұмыстарды атқарса, қыста пойыздар қауіпсіздігіне қар мен боран кедергі келтірмес үшін жолшыларға көмектеседі.    

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды