Сырбойлық теміржолшылар сенбілік өткізді

Аймақтар
11.09.2023, 14:59
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Әр мекеменің айналасын айнадай таза, қыздың жиған жүгіндей жинақы ұстайтын сырбойылық теміржолшылар тазалық маусымы басталғалы апта соңында сенбілік өткізуге кірісті.  

Өткен сенбіде Арғын Орымбаев басқаратын Қазалы вагон пайдалану депосына қарасты Қызылорда, Шиелі, Жосалы, Төретам, Қазалы, Арал теңізі және Сексеуіл станцияларындағы техникалық қызмет көрсету бекеттерінің теміржолшылары жалпы сенбілік ұйымдастырып, оған бір кісінің баласындай қатысты.  

– Тазалықты сақтау, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап оны мәпелеп, күте білу – барлық отандастарымыздың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен теміржолшылар депо ауласын, ғимараттардың қасбеттерін әктеп, сырлап, теміржол өткелдері мен жол айрықтарын қоқыстан тазартты, – дейді депо бастығы Арғын Орымбаев.  

Депо басшысының айналаны тәртіпке келтіру, таза ұстау бастамасына депоға қарасты барлық ТҚКП-ның жұмысшылары қызу қолдау білдіріп, өз істерімен өзгелерге үлгі бола білді. Мәселен, облыс орталығы Қызылорда станциясындағы техникалық қызмет көрсету бекетінің теміржолшылары бекет аумағындағы Сүлейменов пен Егізбаев көшелеріне дейінгі аралықты тазалап, ретке келтірсе, қазалылық вагон қараушылар Әйтеке би кентінде қолға алынған тазалық жұмыстарына күл-қоқыс шығаруға арнаулы техникалық көлік құралдарын жұмылдырып, сенбілік аясында үлкен шаруалар тындырды.  

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды