Екпінді станциясында электрлік орталық жаңартылды

Аймақтар
14.09.2023, 13:12
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының теміржолшылары жаз маусымында басталған кешенді шаралардың нәтижесінде Екпінді станциясында модульдік электрлік орталықтандыру (ЭЦ) қосынын іске қосты. Осылайша бекетте заманауи кейіптегі жаңа нысан пайда болды.  

Бұған дейін қолданыста болған Электрлік орталықтандыру қосын 1973 жылы пайдалануға берілген. Биыл Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі мен аталған  дистанция басшылығының ұйғарымымен ескі нысан жаңаланды. Жаңа нысанның ашылу салтанатына Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің директоры Ибраким Басықараев, ардагерлер атынан Мақсұт Майкелдиев, дистанция басшысы Аман Кубенов, ұжымның кәсіподақ ұйымының төрайымы Ғалия Қожахметова мен Нұрлан Жәнібеков қатысып, теміржол көлігі қызметінде маңызды орны бар орталық қосынының ашылуымен әріптестерін құттықтап, жұмыста сәттілік тіледі. Нысанның ашылу салтанатында сөз алған Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің директоры Ибраким Басықараев аз уақыт ішінде үлкен іс тындырып, ерек еңбектерімен танылған үздік теміржолшыларға алғыс айтып, марапаттады.

Электрлік орталықтандыру қосынын жаңа орынға көшіру – ауқымды әрі шеберлік пен біліктілікті қажет ететін аса жауапты жұмыс. Ескі ғимараттағы релелік стативтерден бастап басқару таблосына дейінгі әрбір байланыс құралының өз ретімен ауыстырылып, жаңа нысандағы орнына ретімен орналастырылуы қыруар жұмыс қана емес, асқан кәсіби шеберлікті де қажет ететіні белгілі. Дегенмен бар ғұмырын аймақ теміржолын өркендетуге арнаған сырбойылық теміржолшылар бұл ауқымды жұмыстарды да еңсере білді. Уақытпен санаспай жұмыс жасаған әріптестерінің білім, пайымына, шеберлігіне тәнті болған құрметті теміржолшы Нұрлан Жәнібеков атқарылған жұмыстардың сапасына ризашылығын білдірді.  

– Басшылықтың ұйғарымымен станциядағы СОБ қондырғалары жаңа модульдік ғимаратқа көшірілді. Бұл ауқымды жұмыстың дәл, нақты және кәсіби деңгейде жүргізілуіне аға электромеханиктер Дәурен Қожахметов, Рүстем Жасыбеков, Нұрлан Аймахан және Қалмахан Увашевпен бірге жұмыс жасаған әріптестерімнің барлығының көп еңбегі сіңді. Олардың уақытпен санаспай еңбек етуі, білім-біліктілігі, тәртіпке бағынған ұстанымдары нысанды дер уақытында жаңартып жаңғыртуға ықпал етті.  Телімдерден өткізілетін жылжымалы құрамдардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауды арттыруға қосқан біздің ұжымының кішкене болса да үлесі жемісті нәтижесін береді деген ойдамыз, – дейді Құрметті теміржолшы Нұрлан Жәнібеков.  

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады