Қызылорда жол дистанциясының теміржолшылары сенбілікке шықты

Аймақтар
28.09.2023, 10:11
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Теміржол аймағының экологиялық ахуалына кері әсер ететін жағдайларды жою пойыздардың қауіпсіз қозғалысына зиян тигізетін нәрселердің алдын алуда өте маңызды. Осыған орай ұжымның кәсіподақ ұйымының төрайымы Ғалия Ноғайбаева мен ұйым белсенділері мен Қызылорда жол дистанциясының теміржолшылары дистанция бойынша жаппай сенбілікке шықты.  

Сенбілік жұмыстары дистанцияға бекітілген қаланың Бегім ана көшесі бойында да жүргізілді. Мұнда көше бойындағы арықтар арам шөптерден тазаланып, дарақталып өскен ағаш пен бұталар таралып кесіліп, ретке келтірілген. Ағаш түптері әктеліп, қоқыстар арнайы көлікпен қоқыс қабылдайтын арнайы орындарға жөнелтілді.

– Дистанция теміржолшылары экологиялық тазалықтың сақталуы үшін өз жұмыс орындарын айнадай таза ұстағанмен, кейде телімдердегі жол бойына тазалық жасауға тура келеді. Оның үстіне күз айларында тоқтаусыз соғатын аңызақ жел жол бойынан шалғай жерлерде, қалтарыста қалып қоятын қоқыстардың күлін көкке көтеріп ластамас үшін мүмкіндігімізше дистанция бойынша сенбілік жасадық. Апта соңында ұйымдастырылған сенбілікке күнделікті жұмыстан тыс дистанция еңбеккерлері жұмылдырылды. Жұмыс бөлмесінен бастап, аула, цех тіпті қала көшесіне дейін тазалық жұмысын жасаған ұжымдастарымызға кәсіподақ ұйымы атынан ыстық бәліш пен салқын сусын жеткізіліп, рухани қолдау көрсетіп, әріптестеріміздің алғысын алдық, – деді кәсіподақ ұйымының төрайымы Ғалия Ноғайбаева.

Алдымен мекеме ауласындағы ретсіз жатқан заттарды жиыстырудан басталған сенбілік бара-бара бекеттегі жолдардың бойын тазалауға ұласты. Одан кейін тазалық жұмыстары дистанция телімдері бойынша да жалғасты. Бірақ бұл жолдың бабын күнделікті жасаумен шұғылдануы тиіс жолшылар үшін қосымша жұмыс секілді көрінгенмен, экологиялық тазалықты сақтау әр пенденің қажеттілігі болғандықтан, бұған да бой үйреніп келеді.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті