Семейде кәсіподақ белсенділері марапатталды

Аймақтар
12.10.2023, 11:36
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семейлік теміржолшылар Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар күнін салтанатты түрде атап өтті. Семей ЖТ бөлімшесінің басшысы Алмас Сейсемқанов пен Семей магистральдық желі бөлімшесінің бастығы Айдын Шәукежанов көпшілікті мерекемен құттықтап, еңбекші халықтың мүддесін қорғайтын қоғамдық ұйым жұмысына сәттілік тіледі.

«Қазкөліккәсіп» ҚБ Семей жүк тасымалы бөлімшесі кәсіподағының төрағасы Есен Қажығұлов есепті баяндама жасап, жыл көлеміндегі атқарылған шараларға тоқталып өтті. Атап айтсақ, көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету, республикалық «Мектепке жол» акциясы сынды бірқатар әлеуметтік іс-шаралар сәтімен жүзеге асырылған. Сондай-ақ ұжымдық шартқа сай, әр теміржолшы лайықты көмек пен әлеуметтік кепілдіктер алып келеді. Мұнымен қатар, кәсіподақ мүшелерінің құқығын қорғау мен еңбек қауіпсіздігін сақтау, қайырымдылық шараларын ұйымдастыру және бұқаралық спортты дамытуда да елеулі жұмыстар жасалған.

Салтанатты жиын барысында салалық кәсіподақ жұмысына белсене араласып, қоғамдық жұмыстарда ерекше көзге түсіп жүрген бірқатар теміржолшылар  марапатталып, түрлі сый-сияпатқа ие болды. Олардың арасында қайырымдылық шараларын өткізу мен спорттық сайыстарды ұйымдастыруда белсенділік танытып жүргендердің қатары көп екен. Әрқайсысы теміржол бойында түрлі салада еңбек етеді. Бірі жол дистанциясында техникалық бөлімнің бастығы болса, енді бірі электромеханик болып қызмет атқарады.

 

Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті