Теміржолсу-Қызылорда жылу маусымына сақадай сай

Аймақтар
19.10.2023, 10:42
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Алдағы қысқа тыңғылықты дайындық жүргізген мекемелер қатарында  Теміржолсу-Қызылорда да бар.  Жылу беретін маусымға қазандықтарды жүз пайыз дайындаған серіктестік аймақтағы теміржол нысандарын жылумен қатар ауыз сумен де қамтамасыз етеді.

Теміржолсу-Қызылорда серіктестігінің бастығы Насыр Абдулланың айтуынша,  бүгінгі таңда нысандарды биылғы жылытуға қажетті көмірдің 414 тоннасы қоймаларға жеткізілген. Соңғы бірнеше жылда аймақта бірнеше станциядағы жылыту пештері көгілдір отынға ауыстырылып, газбен жылытуға көшкен.   Дегенмен, әлі де көмір арқылы жылытылатын нысандар баршылық. Жылу желілері мен қазандық пештері жылу беру маусымы кезінде жұмыстан тыс қалмауы үшін алдын ала ағымдық жөндеуден өтіп, қазандықтарға техникалық тексеру жүргізіліп, жылу жүйелеріне гидравликалық сынақпен толықтай жуып-шаю жұмыстары жасалады.

– Көгілдір отынмен жылытылатын Тереңөзек, Белкөл, Шиелідегі екі пеш және Жаңақорған станцияларындағы газ қолданылатын жылыту пештерін жылу маусымына дайындап, 1621 метр шамасындағы жылу желілерін қысымды тазалықтан өткізіп, кем-кетігін түгендедік. Жалпы саны сегіз қазандық жылу беру маусымына сақадай сай тұр, – деді Насыр Абдуллаұлы.

Аймақтағы көгілдір отынға қосылған бес пешке қажетті газ және көмірмен жылытылатын 3 қазандықтағы пешке қажетті көмір жеткізу үшін құзырлы органдармен келісім жасалған. Көмір Төретам, Жосалы және Жалағаш станцияларындағы жылу қазандықтарының отын қоймаларына жеткізілген. Сонымен қатар газбен жылытылатын пештерге газ болмай қалу қаупі туындаған жағдайда пайдаланатын көмір қорымен оларды да қамтамасыз ету қарастырылады екен. Жылу қазандықтарының от жағушы машинистері арнайы киімдермен, қорғаныш заттармен қамтылып, зиянды жұмыс үшін берілетін қосымша, үстемелерін алып отыр.

Әрине, бүгінде салқын ерте түсетін солтүстік өңірде жылу беру маусымы әлдеқашан басталды. Ал оңтүстік, бастыс аймақтарда ол жылдағы кесте бойынша  15 қазанда, ауа райына байланысты кейде одан да кеш қосылуы мүмкін. Қызылордада, соның ішінде теміржол мекемелерінде де осы аптада жылу беріле бастады.  

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды