Семейде «Білім экспресі» семинары өтті

Аймақтар
20.10.2023, 09:55
Оқуға 1 мин
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Апта басында Семей қаласында ұлттық компанияның ішкі тренерлерінің ұйымдастыруымен «Білім экспресі» семинар-тренингі өтті.

Екі күн бойы өткен шараға бөлімшенің Семей, Өскемен және Аягөз станцияларынан келген теміржолшылар қатысты. Жалпы саны жүз адам қатысқан семинар-тренинг төрт бағыт бойынша өткізілді. Атап айтсақ, «клиентке бағдарлану», «эмоционалды интеллект», «тиімді коммуникациялар» және «кикілжіңді басқару» тақырыптары бойынша оқыту іс-шаралары ұйымдастырылды. Семинарға негізінен кадр бөлімі, есеп бөлімі, станция және вагон депосының басшысы, аға машинистер қатысқан болатын.  

Екі күнге ұласқан шара барысы мейлінше қызықты әрі тартысты түрде өрбіді. Қатысушылар өзара алты топқа бөлініп, тренерлер берген тапсырмаларды орындап, ой-пікір алмасты. Сонымен қатар жұмыс барысындағы түрлі күрделі жағдайлар кезінде кикілжіңнен шығу, конструктивті диалог құру бойынша мысалдар келтіріп, ортақ талқыға салды.

Мұнымен қоса мейлінше түсінікті тәсілмен, жеңіл тілмен қажетті ақпараттар беріліп, тағылымы мол ойындар, тренингтер де өткізілді. Мәселен, «кикілжіңнен шығу» тақырыбы бойынша дәріс өткізген тренер Жанбота Шакиров жұмыс барысындағы сөзбен іс-әрекетті өзара тиімді қарым-қатынас үстіне құрып, келіспеушіліктің деструктивті арнаға түсіп кетпеуі жөнінде кең көлемде түсінік беріп өтті. Қатысушылар да жұмыс орнында болған оқиғалардан мысалдар келтіріп, кикілжіңнен шығу жолдары жайлы ой бөлісті.  

Екі күнге ұласқан шара соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификат берілді.

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды