Шеберлік сынға түскен сайыс

Аймақтар
24.10.2023, 09:24
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда қосалқы бөліміне қарасты станцияларда еңбек ететін теміржолшылар арасында өз кәсібінің үздігін анықтау мақсатында басталған байқау мәреге жетіп, тоғыз теміржолшының бағы жанды.

Аймақ теміржолшыларының білім-білігін жетілдіріп, кәсіби шеберлігін шыңдау мақсатында Қызылорда қосалқы бөлімінің бастығы Батырхан Базарбаевтың пәрменімен қыркүйек айында еңбек ұжымдарында іріктеу туры ретінде басталған үздіктер сайысы Қызылорда станциясында өткізілген үш сатылы финалдық байқауда қорытындыланды.  

Сексеуіл мен Шорнақ станциялары арасындағы еңбек ұжымдарынан іріктелген 21 үміткердің ішінен өз кәсібінің қыр-сырын терең меңгерген, кәсіби теміржолшыны анықтау додасына қауіпсіздік бөлімінің басшысы Ғалымжан Шолан, оқу шеберлері Базаркүл Қалымбетова мен Сәбит Нұрманов қазылық жасады.  

– Аймақтағы ірілі-ұсақты станция-бекеттерде жұмыс жасайтын теміржолшылардың еңбекке деген құлшынысын арттыру, кәсіби шеберлігін жетілдіру, теориялық білім деңгейін көтеріп, біліктілігін шыңдауды көздеген конкурсты өткізу регламенті жасалып, пойыз құрастырушылар, парк және станция кезекшілері арасынан үздіктерді анықтау сайысы қыркүйек айында басталды. Сол іріктеуден өткендер бүгінгі финалда сынға түсіп, өздерінің шеберліктері мен кәсібиліктерін көрсетеді, – деді үміткерлерге сәттілік тілеген қосалқы бөлім бастығының орынбасары Бекжан Өтеулиев.  

Үш этаптан тұратын қонкурсқа қатысушылар алдымен теориялық тест сұрақтарына жауап беріп, ПТЭ, ИДП, ИСИ және НТД ережелеріне сай әзірленген сынақтан сүрінбей өтіп, «жедел сауалдар» кезеңіне көшті. Одан кейін «суретке қарап жауабын табу» тақырыбында ситуациялы жағдайға тап болғанда оңтайлы әрі тиімді шешім жасау қабілеті бойынша сынға түсті. Конкурстың әр кезеңінде берілген сауалдардың жауабы 1-3 балдық шкаламен бағаланды. Жауаптардың әділ бағалануына кәсіподақ ұйымының төрағасы Мұхтар Көпірбаев бақылау жасап, әріптестеріне қолдау білдірді.  

Шеберлік сынға түскен сайыста теміржолшының күнделікті атқаратын жұмысы, басты назарға алынатын талаптар мен ережелер, экологиялық, теориялық, кәсіби сауаттылық төңірегінде әзірленген сауалдарға ұтымды жауап, қиын жағдайдан жол тауып шыға білетін тапқырлық басты назарға алынды.  

Конкурс нәтижесінде Қызылорда станциясының кезекшісі Рүстем Құрманғазиев, Белкөл станциясының парк кезекшісі Мақсат Сейтов, Қызылорда станциясының пойыз құрастырушысы Шапағат Асербаев – 1-орын, Белкөл станциясының кезекшісі Бақытжан Назаров, Жосалы станциясының парк кезекшісі Сарманби Торбаев, Жаңақорған станциясының пойыз құрастырушысы Ғазиз Саукенбаев – жүлделі екінші орынды, Шиелі станциясының парк кезекшісі Нұрсұлтан Жақсылықов, Сексеуіл станциясының кезекшісі Серік Мырзағұлов және Белкөл станциясының пойыз құрастырушысы Нұрдәулет Мекебаев жүлделі 3-орынды иеленіп, арнайы марапат пен кәсіподақ ұйымы атынан қаржылай сыйлық алды.  

 

Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл