Қызылордалық теміржолшыларға наградалар табыс етілді

Аймақтар
27.10.2023, 09:39
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Әнұранмен ашылған жиында «Қызылорда ЖТ бөлімшесі» филиалының бастығы Батырхан Базарбаев пен Магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары Ербол Оңғарбаев аймақ теміржолын дамытып, саланың өркендеуіне үлес қосып жүрген теміржолшыларды мерекемен құттықтады.  

Аймақ теміржолының басшысы мерекеге орай арнайы сыйақы берілетінін жеткізіп, көпшілікті қуантты. Сонымен қатар Компанияның Басқарма төрағасы Н.Сауранбаевтың бұйрығымен түрлі марапатқа ие болған теміржолшыларға наградаларын табыс етті. Тасымалды ұйымдастыру және талаптар бөлімінің жетекші инженері Алтынгүл Шигенова «Кәсібі бойынша үздік» атанса, «Үздік маман» белгісі заң бөлімінің басшысы Дархан Айқожаевқа, Магистральдық желі бөлімшесі қаржыландыру бөлімінің менеджері Нұргүл Еңсеповаға берілді. Құрмет грамотасымен Қамыстыбас станциясының кезекшісі Күлшара Асанбаева, Қызылорда станциясының орталықтандыру постының операторы Оразкүл Айжарқынова, Қызылорда қалпына келтіру пойызының бульдозер машинисі Владимир Зайцев, жетекші бухгалтер Елена Селина марапатталды.  

Компания басшылығының марапатымен қатар қос бөлімше басшылығы, кәсіподақ ұйымы атынан елу шақты сала қызметкері арнайы марапат алды.  

– Ел егемендігінің тарихи бастауы Республика күнімен аймақ теміржолында тер төгіп, тәуелсіздігіміздің нығаюына сүбелі үлес қосып жүрген барша теміржолшыларды Сала кәсіподағы атынан құттықтаймын. Станция-бекеттерде жұмыс істейтін үздіктерімізге де марапат пен арнайы сыйлықтар бар, – деді кәсіподақ ұйымының төрағасы Мұхтар Көпірбаев.  

Бұл күні бөлімшеге қарасты бірқатар мекемелерде де салтанатты жиын өткізілді. Нұртай Байғазы басқаратын Қызылорда локомотив пайдалану депосында және Асылбек Ияров басқаратын Сексеуіл локомотив пайдалану депосында өткен жиындарға кент әкімдері де қатысып, теміржолшыларға құрмет көрсетілді. Ал Аман Кубенов басқаратын Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясында спорттық жарыстардан сайыс өткізіліп, жеңімпаздар марапат төріне шығарылды.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады