Шар станциясының теміржолшылары Республика күні мерекесін зор табыспен қарсы алды

Аймақтар
27.10.2023, 09:22
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты Шар станциясының теміржолшылары үшін биылғы жыл ерекше шаралармен есте қалмақ. Түрксіб дәуірінде іргесі қаланған станция қызметкерлері Республика күні мерекесін зор табыспен қарсы алды.  

Осы станцияда орын тепкен «Қамқор Локомотив» ЖШС «Шар локомотив жөндеу» филиалында өткен шараға арнайы келген Семей ЖТ бөлімшесінің директоры Алмас Сейсемқанов барша жиналған қауымды Республика күні мерекесімен құттықтады. Жөндеу секторында шоқтығы биік Шар филиалы еліміздің ең басты мерекесін айшықтау мақсатында алғашқы СКД6Е сериялы маневрлік локомотивті толыққанды күрделі жөндеуден өткізіп, желі бойына шығарып отырғанын тілге тиек еткен бөлімше басшысы ұжымды осынау еңбек жеңісімен құттықтады.  

Күрделі жөндеу – локомотивтерге сервистік қызмет көрсету циклы бойынша игеріліп отыр. Яғни локомотив жөндеу депосының қызмет көрсету аясы кеңейіп, толық мүмкіндігі іске қосылды деген сөз. Осынау тарихи сәтке куә болу мақсатында алыс-жақыннан келген меймандар мерекемен орайластырылып арнайы өткізілген салтанатты шараға қатысты.  

Кеңірек тоқтала кетсек, қазіргі таңда білікті басшы Жұмабек Бейсенов басқаратын «Шар локомотив жөндеу» депосы – сервистік-техникалық қызмет көрсетудің заманауи үлгілерін жолға қойған аймақтағы бірегей кәсіпорын. Локомотивтерді жөндеуді, сондай-ақ доңғалақ жұптарын күрделі жөндеуден өткізуді жүзеге асырады. Ағымдағы жылы ірге көтергеніне 90 жыл толып отырған байырғы кәсіпорын қазіргі таңда қайта түлеп, жаңғыру жолында. Мәселен, «Эволюшн» тепловоздарының доңғалақ жұптарын бөлшектеп, содан соң зауыттық деңгейдегі қалпына келтіріп жөндеудің күрделі де тиімді тәсілін ең алғаш рет шарлықтар өндіріске енгізген болатын. Яғни өнертапқыштық ұсыныстар бойынша да алда келеді.  

Бүгінде жалпы саны 160-тан аса жергілікті тұрғын еңбекпен қамтылған кәсіпорын алдағы уақытта қосымша жұмыс орындарын ашуды да көздеуде. Бұл әлбетте нәпақасын теміржолдан тауып жүрген Шар станциясының тұрғындары үшін маңызды шара екендігі анық. Ал қазіргі таңда мұнда бес цех пен бір өндіріс орны дамылсыз жұмыс жүргізуде. Өндіріс процестері америкалық тәсіл бойынша жүзеге асырылады. Ол үшін біраз жыл бұрын жаңа құрал-жабдықтар мен арнайы лицензия да иеленген болатын. Жаңа технологияға көшу еңбек өнімділігін арттырып, уақыт пен қуат көздеріне кететін шығынға да айтарлықтай үнем болған. Енді кәсіпорын маневрлік тепловоздарға да толыққанды тұрғыда сервистік қызмет көрсетудің сатысына өтті деуге болады.  

Салтанатты шараға арнайы келген өңір әкімі кәсіпорын басшысы Жұмабек Рамазанұлын «Шар қаласына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады, сонымен қатар Жарма өңірі бойынша ерен еңбектің үлгісін көрсетіп отырған барша шарлық теміржолшылар қауымына алғысын білдіріп, толайым табыстар тіледі.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды