Студенттер рельсті дайындау процесімен танысты

Аймақтар
03.11.2023, 11:06
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжінің студенттері өңірдегі рельс-арқалық зауытының өндіріс алаңына барып, теміржол рельстерін дайындау процесін көзбен көрді.

Зауыт аумағына кіргеннен арнайы киіммен қамтамасыз етілген студенттер қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамадан өтті. Содан кейін ғана цехтарды аралап, онда жұмыс істеп жатқан жұмысшылармен тілдесуге мүмкіндік алды.  

2016 жылы іске қосылған Ақтөбе рельс-арқалық зауытының бүгінгі өндірістік қуаты, экспорттық мүмкіндіктері туралы студенттерге зауыт өкілі жан-жақты мағлұмат беріп, оқу бітірген соң отандық өндірісте еңбек етуге шақырды.  

Студенттер әсіресе АРБЗ-ның «визит карточкасы» ретінде танылған жоғары жылдамдықты магистральдарда қолданылатын ДТ350 санатты ұзын өлшемді рельстердің дайындалу технологиясына қызығушылық танытып, сауалдарына жауап алды.  

Айта кетейік, 2022 жылы «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС мен «Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжі» МКҚК арасында Кәсіпорынды білікті мамандармен қамтамасыз етуде және оның кадрлық әлеуетін арттыруда, сондай-ақ оқу орындарының кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастыруда тікелей және өзара тиімді ынтымақтастық орнату мақсатында меморандум жасалған.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды