Шар депосы сервистік қызметтің жаңа деңгейіне көтерілді

Аймақтар
06.11.2023, 16:28
Оқуға 3 мин
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Ел шығысындағы іргелі кәсіпорын «Қамқор Локомотив» ЖШС филиалы Шар локомотив жөндеу депосы – бүгінде сервистік қызметтің жаңа сатысына көтеріліп отырған өндіріс ошағы.  

Тарихқа көз салсақ, Шар станциясының іргетасы 1928 жылы қаланған екен. Ал 1935 жылы құрылысы аяқталған паровоз депосы іске қосылып, аймақ теміржолы үшін елеулі кезең басталады. Қарқынды еңбекке толы жылдар мол жетістікке негіз болып, уақыт ағымына сәйкес тартым күшінің талай түрі пайда болып, өндіріс аясы да кеңейе береді. Шар өңірінде пайда болған еңбек династиялары қатарында локомтившілер де мол болды.  

«Елу жылда ел жаңа» демекші, қазіргі таңда білікті басшы Жұмабек Бейсенов басқаратын Шар локомотив жөндеу депосының тәуелсіздік жылдары қол жеткізген табысы тіптен толағай. Әсіресе сервистік-техникалық қызмет көрсетудің заманауи үлгілерін өндіріске енгізуде зор нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Айта кетерлігі, Шар депосы 2013 жылдан бастап СКД6е және ТЭМKZ локомотивтеріне сервистік  қызмет көрсету орталығы болып саналады. Соңғы он жылдың өзінде өндірісті өркендетуде үлкен жетістікке жеткен. Айталық, бүгінде Шар локомотив жөндеу депосында локомотивтердің қос доңғалағын жөндеу ісі кең көлемде жүргізіледі. Ерекшелігі сол, өңірдегі жалғыз цех Алматы, Аягөз, Защита, Матай, Екібастұз локомотив деполарына тұрақты түрде қызмет көрсетеді.  

Өндірістегі негізгі міндеті – барлық теміржол техникаларын және қар тазалағыш машиналарын күрделі жөндеуден өткізу. Мәселен, соңғы жылдары еліміздің барлық зауыт-фабрикаларымен кен орындарының ТЭМ-2, ТЭМ-3 сынды меневрлік тепловоздарын да бастан-аяқ қайта жөндеп шыққан.  

– Шар локомотив жөндеу депосының басты қызметтік ұстанымы – өндіріске заманауи жаңашыл тәсілдерді енгізу. Міне, осы орайда 2013 жылдың наурыз айынан бастап америкалық «Транспортейшн Глоубэл ЭЛ-ЭЛ-СИ» компаниясымен бірлесіп жаңа «Эволюшн» сериалы тепловоздардың қос доңғалағын жөндеуді күллі Қазақстан бойынша алғаш болып игерді, – дейді бұл орайда кәсіпорын басшысы Жұмабек Рамазанұлы.  

Сол тәрізді «Эволюшн» тепловоздарының доңғалақ жұптарын бөлшектеп, зауыттық деңгейдегі қалпына келтіріп жөндеудің күрделі де тиімді тәсілін де ең алғаш рет Шар теміржолшылары өндіріске енгізген болатын. Яғни өнертапқыштық ұсыныстар бойынша да республика көлемінде алда келеді.

Бүгінде жөндеу депосында 150 жұмысшы абыроймен еңбек етуде. Жалпы саны бес цех пен бір өндірістік телім қызмет көрсетуде. Ұжым бірнеше жыл қатарынан «Қамқор Менеджмент» ЖШС тепловоз жөндеу деполары арасында «Үздік кәсіпорын» атағына ие болып келеді. Ал өткен жылы облыстың өндірістік аймағы саналатын Жарма өңірі бойынша «2022 жылдың үздік ұйымы» атағына ие болды. Бір бұл емес, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында  еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын сақтау саласында қол жеткізген жетістіктері үшін «Алтын каска – 2023» дипломымен марапатталды. Мұндай жетістіктер қатарына басқа да көп мысал келтіруге болады. Мұнда өндірістің тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса көңіл бөліп отырған цех басшыларының, ауысым шеберлерінің, сондай-ақ әр жұмысшының қосып жатқан үлесі зор екені анық.  

Жуырда Шар станциясына ат басын бұрған Семей ЖТ бөлімшесінің директоры міндетін атқарушы Алмас Сейсемқанов байырғы кәсіпорында болып, өндіріс барысымен танысты. Сонымен қатар мекемедегі алғашқы CKD6e 2073 сериялы маневрлік  тепловозға бесінші сервистік қызмет көрсету циклы бойынша күрделі жөндеу  жұмыстарының аяқталуына куә болып, салтанатты шараға қатысты.

Бұл жобаның негізгі тапсырыс берушісі – «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ. Биылғы жылдың соңына дейін тағы екі тепловозға жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Алмас Ғылымұлы аймақтағы бірегей кәсіпорын қызметіне табыс пен өркендеу тіледі.  

Тепловоздарға күрделі жөндеу жүргізудің сан түрін меңгеріп, сервистік қызметтің тағы бір биігін бағындырып отырған байырғы депоның берекелі тірлігі бүгінде міне осындай.    

 

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды