Теміржолшылардың ғимараты мектеп балансына берілді

Аймақтар
10.11.2023, 10:17
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Болашақ станциясы салынғалы ауыл халқы жылдан жылға көбейіп, тұрғындардың әлеуметтік сұраныстары да артып келеді. Мысалы, мектептегі бала санының өсуіне байланысты қосымша ғимарат Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің қолдауымен шешімін тапты.

Бөлімшенің Болашақтағы 50 орындық асхана ғимараты мектептің балансына беріліп, бастауыш сыныптар үшін қосымша бөлмелер ашылды. Осыған дейін теміржол балансында болған нысан бюджет қаржысы есебінен толықтай жөндеуден өткізіліп, оқу ордасының талабына сай, оқушыларға ыңғайлы етіп қайта жасақталды. Қажетті құрылыс-жөндеу жұмыстары аяқталысымен оған бастауыш сынып оқушыларын көшіру жоспарланған болатын. Өткен аптада ғимараттың тұсауы кесіліп, оқушылар жаңа тоқсанды жаңа сыныптарда бастады. Ашылу рәсіміне теміржол басшылары, ардагер ұстаздар, ауыл халқы қатысты.  

– Биылғы оқу жылында мектебіміздегі балалар саны 179-ға жеткеннен кейін 80 орындық мектепте үш ауысыммен оқу ықтималдылығы туындады. Сондықтан жергілікті әкімдік пен теміржол басшыларына шығып, асхана ғимаратынан қосымша сынып бөлмелерін ашуға өтініш қылғанбыз. Бұл ұсынысымыз теміржол және билік тарапынан қолдау тауып, араға сегіз ай салып реконструкциялау мен толық жөндеуден өткен ғимарат пайдалануға беріліп отыр. Міне, бүгін бастауыш сыныптар осында көшіріліп, кең де жарық су жаңа ғимаратта оқитын болғанына бәріміз қуаныштымыз, – дейді зейнеткер ұстаз Алым Мухизов.  

Жаңа ғимаратқа бастауыш кластардың 92 баласы ауысқан соң негізгі мектеп жүктемесі айтарлықтай жеңілдеген.  

 

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды